14
декабрь
2020
«Тәуелсіздік құрдастары» атты Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу ақпараты
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік құрдастары» атты Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Өз Отанына , туған жеріне деген сүйспеншілігін арттыру. Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан азаматтардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
Көрнекілігі: «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» слайд-шоу көрсетілді.
Онлайн кездесуге тәуелсіздік құрдастары Усербаев Алишер, Сиябекова Меруерт қатысты, олар Қазақстан Республикасы деп аталатын үлкен отбасы дербес шаңырағын көтеріп, уығын тіктеп, ұлтымыз ұлан-асыр той жасап жатқанда, еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған үйде шілдехана жасап, қазан көтеруге себепші болды.Олар атамекенімізде ақ түйенің қарны жарылып, ақсарбас шалған уақытта, еліміздің әнұранын, елтаңбасын, мемлекеттік туын айқындап, күллі дүниеге қазақ елін паш еткен мезгілде бесікке бөленіп, анасының әлдиін тыңдады. Олар тілімізбен бірге қаз-қаз басты, сүрінсе, қайта тұрып алға ұмтылуды үйренді, азат ел мектебінің табалдырығын аттап, білім қуды.