08
март
2021
8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
Құрметті аяулы аналар мен арулар келіп жеткен 8-наурыз халықаралық әйелдер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңілілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын!
Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!
Баршаңызға мереке қайырлы, құтты болсын!
Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!