19
март
2021
«Наурыз тойы — мерекем, салт-дәстүрім — берекем»
С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде 22 наурыз — Наурыз мерекесіне орай «Наурыз тойы — мерекем, салт-дәстүрім — берекем» тақырыбында 19 наурыз күні концерттік бағдарлама өтті.
Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру. Елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы.
Наурыз - жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл - Наурыз айының 22 - ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй - үйді, ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
«Наурыз» күн мен түн теңеліп, жөргегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастайтын, ерекше күн деп саналған.