Жұмысқа қабылдау туралы » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жұмысқа қабылдау туралы
04
сентябрь
2024

Жұмысқа қабылдау туралы

Жұмысқа қабылдау туралы

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі" КММ КОНКУРС жариялайды:

📌Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы              16 тамыздағы  № 343 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

📌Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және «10_orta_mektep_taraz» мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.

📌Конкурс төмендегідей тұрақты бос орынға жүргізіледі:

  1. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (бастауыш сыныптар) – 1 педагог /1,0 жүктеме/

📌2024 жылдың 4 - 12 қыркүйек аралығында мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.

📌Конкурс өткізілетін орын:

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі " КММ мәжіліс залы

📌Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, №3, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі" КММ. Анықтама байланыс телефоны:                43-69-03.

Мектептің ресми сайты:

10-taraz.mektebi.kz 

📌 Негізгі функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық  болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу -тәрбие процесінің, ғылыми - әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай- ақ, қажетті оқу, оқу - тәрбие, оқу- әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.

              Оқу -тәрбие  процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрастырады.

         Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдармен жарақатандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу- әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу -тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қортынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

           Компьютерлік сауаттылықты,ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

          2024-2025 оқу жылының бастауыш сыныптар бойынша  «Kundelik.kz» электронды журналында ағымдық, тоқсандық,жылдық бағалары және ЖБ, ТЖБ сапалы, уақытылы толтырылуын қадағалайды. Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сынып мұғалімдерінің сапалық құрамын жасайды. 

Әкімшілік тарапынан бастауыш сыныптар бойынша ұлттық білім беру деректер базасына (НОБД) мәліметтердің дұрыс толтырылуына бақылау жасайды.

          Бастауыш сыныптар бойынша барлық пәндердің жүргізілуіне бақылау жасайды.

         Міндеттер аясын негізінен ОТҮ ұйымдастыру, мектепалды,бастауыш сыныптарда пәндерді оқып- үйренуге мониторингті жүзеге асыруды қамтиды. 

          Педагогтардың мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары орындау жұмысын, жалпы білім беру оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, сонымен қатар міндеттітүрде керек, оқу -тәрбиелік, оқу әдістемелік құжаттардың дайындалуын қадағалайды. 

         Кезекші әкімшіліктің міндеттерін атқарады, педагогтардың мектеп бойынша кезекшілігін басқарады.

            Мектепалды, бастауыш сынып ОТҮ -ның  негіз сипаттарын зерделеу бойынша мониторингті жүргізеді.

             Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.

          Оқушылардың тоқсандық білім сапасы мен мониторингісінің қортындысын, есебін жүргізеді.

           Мұғалімдерге  педагогикалық жоспарлау,  Е- Kundelik   электронды журналдарды, оқушы табелін,құжаттаманы жүргізу жөніндегі нұсқаулар береді, қадағалайды.

        Мектепалды,бастауыш сыныптардағы қызметтер мен жұмыстарды жоспарлайды.

         Мектепалды ,бастауыш сыныптардағы оқушыларды қабылдап,шығарып салуға міндетті.

         Соңғы сабақтан кейін оқу кабинеттерінің жағдайын кезекші мұғалімен бірлесіп тексереді. Мектепалды, бастауыш сыныптар бойынша кабинет сынақ байқауын өткізуге даярлау  жұмысын ұйымдастырады. ОТҮ ресурстық қамтамасыз етуде ата- аналармен жұмысын ұйымдастырады.

              Мектепалды, бастауыш сынып мұғалімдерінен әдістемелік материалдар базасын жинайды.

              Мектепалды,бастауыш сынып педагогтарының педагогикалық қызметін табысқа жеткен  оқушылар мен мұғалімдерді ынталандыру бойынша ұсыныстар дайындау.

           Инновациялық білім беру және тәрбие бағдарламаларын әзірлеуді педагогтармен, директордың ғылым -әдістеме ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі жөніндегі орынбасарларымен бірлесіп жүзеге асырады.

       Мектепалды,бастауыш сынып тыс жұмысты ұйымдастырады, байқауларды, мерекелерді ұйымдастырумен айналысады. 

           Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасармен бірлесіп мектепалды, бастауыш сынып оқушылары үшін саптық жиындар өткізеді.

           Педагогикалық кеңес пен мектеп басшылығы шешімдерінің орындалуын бақылау. 

       Мектепалды,бастауыш сыныптардағы білім беру бағдарламаларының орындалуын бақылап отырады.

           Оқушылардың үлгерімі,оқу сапасы мен тәртібі жайында ақпараттар жинап, оларды таңдап ұсынымдар ойластырумен айналысады.

           Бастауыш сыныптары, мектепалды даярлық топтары білім беру бағдарламаларының орындалуын бақылап отырады.  

        Е- Kundelik  электронды журналдарын, оқушы күнделігін, дәптерлерін тексереді (жоспарға сәйкес);

         Бастауыш сыныптары, мектепалды даярлық топтары сынып мұғалімдері ауырған немесе жұмыста болмаған жағдайда сабақтарды ауыстыру жағын қамтамасыз етеді.

         ОЖСБ (4-сынып үшін)жұмыстарын ұйымдастыру және оның іс- шараларының өз дәрежесінде өткізліуін қадағалайды, бақылайды, сараптамасын жасайды;

            Оқу тәрбие жұмыстарына, Е- Kundelik   электронды журналдарының толтыруына әдістемелік жұмыстарына көмек беріп, талдау жұмыстарын жүргізеді.

           Оқу сабақтары, таңдау, жеке ж»не топтық консультациялар кестесін жасайды;

           Кезекші әкімшілікпен, сынып жетекшімен бірге мектептегі тәртіпті, тазалықты қадағалайды;

             Оқушылардың тоқсандық білім сапасы мен мониторингісінің қортындысын, есебін жүргізеді;

           Бастауыш сыныптарда ОТҮ ұйымдастыру мен мектепалды даярлық жұмыстарына бастауыш сыныпты оқытудың сапасын қадағалайды;

          Мұғалімдердің сабағына қатысып, талдау жасайды.

          Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнінде мектепте өткізілетін оқу жаттығуларын жүргізеді.

           Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы заңын орындалуын қадағалайды.

         Өз лаузымдық міндеттеріне сәйкес мектеп бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобасын дайындайды және белгіленген құжаттардың сапалығы мен дер кезінде толтыруын қамтамасыз етеді.

            Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.

         📌 Білуге міндетті: Қазақстан   Республикасының Конституциясын, Қазақстан  Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан  Республикасының “Неке”( ерлі -зайыптылық )және отбасы туралы” Кодексін, Қазақстан  Республикасының “Білім туралы”, Қазақстан  Республикасындағы тіл туралы”, Қазақстан  Республикасындағы баланың құқықтары туралы”,” Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы”, Қазақстан  Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы”,”Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы”, Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” Кәмілетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы” Заңдарын және басқа да білім беру  мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру санаттарын, педагогика, психалаогия, жас ерешілік физалогиясымен гигенасының негіздерін, тәрбие жұмысының теориясын мен әдістемесін, еңбек туралы заңнамалар негізін еңбекті қорғау ережелерімен нормаларын қауіпсіздік техникасымен өрт қауіпсіздіні техникасын, санитарлық қағидалармен нормаларды. Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім; Біліктілікке қойылатын талаптар:тиістіпедагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

📌Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 

6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 

8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагогмодератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагогшебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) passa; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек. 

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720x480. 

14)Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми /академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.










Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив