Жұмысқа қабылдау туралы
Жұмысқа қабылдау туралы
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі" КММ КОНКУРС жариялайды:
📌Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
📌Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және «10_orta_mektep_taraz» мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
📌Конкурс төмендегідей тұрақты бос орынға жүргізіледі:
- Аға тәлімгер – 1 педагог /1,0 жүктеме/
📌2024 жылдың 4 - 12 қыркүйек аралығында мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.
📌Конкурс өткізілетін орын:
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі " КММ мәжіліс залы
📌Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, №3, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі" КММ. Анықтама байланыс телефоны: 43-69-03.
Мектептің ресми сайты:
10-taraz.mektebi.kz
📌 Негізгі функционалдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдарының,бірлестіктерінің дамуына ықпал етеді. Балалармен жас өспірімдер бірлестіктерінің,ұйымдарының қызметін жоспарлауда оларға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Қолданыстағы ұйымдармен бірлесіктер туралы балалармен жас өспірімдерді кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларымен қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдерге азаматтық және рухани ұстанымын танытуға. Өзінің мүделері мен қажеттіліктерін іске асыруға, бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымдарында мәдени бұқаралаық патриоттық жұмыстарын жүргізеді. Оған сеніп тапсырылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің,балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы қорлық танытады. Каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады. Балалармен және жасөспірімдермен озық жұмыс тәжірибелерін зерделейді және қолданады. Балалар ұйымдарымен бірлестіктерінің алғашқы ұжымдары басшыларын іріктеу және дайындау жұмыстарын жүргізеді. Өзін- өзі басқару органдармен және білім беру ұйымдарының педагог ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдарымен, оқушылар ата -аналармен немесе оларды алмастырушылармен тығыз байланыста жұмыс жасйды. Компьютерлік сауатты ақпараттық -коммуникациялық біліктілікке ие.
📌 Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Неке”( ерлі -зайыптылық )және отбасы туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы”,” Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы”, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы”,”Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы”, Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” Кәмілетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы” Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру санаттарын, педагогика, психалаогия, жас ерешілік физалогиясымен гигенасының негіздерін, тәрбие жұмысының теориясын мен әдістемесін, еңбек туралы заңнамалар негізін еңбекті қорғау ережелерімен нормаларын қауіпсіздік техникасымен өрт қауіпсіздіні техникасын, санитарлық қағидалармен нормаларды. Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім; Біліктілікке қойылатын талаптар:тиістіпедагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
📌Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагогмодератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагогшебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) passa; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720x480.
14)Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми /академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.