Вакансия жариялау туралы
Вакансия жариялау туралы
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі" КММ КОНКУРС жариялайды:
📌2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
📌Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" және мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
📌Конкурс төмендегідей тұрақты бос орынға жүргізіледі:
- Директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 мұғалім /0,5 бірлік жүктеме/ (қазақ, орыс тілдерде еркін сөйлеу)
📌2024 жылдың 4-14 қазан аралығында мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.
📌Конкурс өткізілетін орын:
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі " КММ мәжіліс залы
📌Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, №3, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі" КММ. Анықтама байланыс телефоны: 43-69-03.
Мектептің ресми сайты:
10-taraz.mektebi.kz
📌 Негізгі функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу -тәрбие процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды. Оқу- тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрастырады. Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдармен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу -әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу- тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Компьютерлік сауаттылықты,ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
2024-2025 оқу жылының II ауысым бойынша «Kundelik.kz» электронды журналында ағымдық,тоқсандық,жылдық бағалары және ЖБ,ТЖБ сапалы, уақытылы толтырылуын қадағалайды. II ауысым сыныптарындағы қызметтер мен жұмыстарды жоспарлайды.
II ауысым сыныптардағы оқушыларды қабылдап,шығарып салуға міндетті.
Соңғы сабақтан кейін оқу кабинеттерінің жағдайын кезекші мұғалімен бірлесіп тексереді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен бірлесіп, оқушылардың 1- ші сабаққа кешікпей келуін ұйымдастырады;
Оқу -тәрбие процесінің ұйымдастырылуын ресурстық қамтамасыз етуде ата- аналармен жұмысын ұйымдастырады.
Оқушылардың тоқсандық білім сапасы мен мониторингісінің қортындысын, есебін жүргізеді.
II ауысым педагогтарының педагогикалық қызметін табысқа жеткен оқушылар мен мұғалімдердің ынталандыру бойынша ұсыныстар дайындау.
Инновациялық білім беру және тәрбие бағдарламаларын әзірлеуді педагогтармен, директордың ғылыми - әдістеме ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі жөніндегі орынбасарлармен бірлесіп жүзеге асырады.
📌Еңбекке ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос лауазым атауы: 85000-100000тг.
📌 Біліктілік талаптары:
1) тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
📌Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
155. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
156. Осы Қағидалардың154-тармағындакөрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.