Вакансия жариялау туралы » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Вакансия жариялау туралы
11
февраль
2025

Вакансия жариялау туралы

Вакансия жариялау туралы
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі" КММ КОНКУРС жариялайды:
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 362 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 486 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес қағаз түрінде жүргізіледі.
📌Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz", «10_orta_mektep_taraz» мектебіміздің ресми сайттарында жарияланады.
📌Конкурс төмендегідей тұрақты бос орынға жүргізіледі:
1.Информатика пәні орыс сыныптары – 1 мұғалім /16 сағат/ (декреттік орын)
📌2025 жылдың 11-19 ақпан аралығында мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.
📌Конкурс өткізілетін орын:
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі " КММ медияция бөлмесі.
📌Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, №3, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі" КММ. Анықтама байланыс телефоны: 43-69-03.
📌 Негізгі функционалдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
журналдарды электронды түрде толтырады.
📌Еңбекке ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы: 150000-200000тг аралығында, информатика пәні – 1 мұғалім /16 сағат/ (декреттік орын)
📌 Біліктілік талаптары:
1) "педагог":
оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
2) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болуы немесе кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болуы;
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігінің жалпы талаптарына сәйкес келу, бұдан басқа:
ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгеру;
білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындау;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, облыс деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;
облыстың, елдің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындау (Бар болса);
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
📌Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
154. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
155. Осы Қағидалардың 153-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив