"Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз"
Қазақстан Республикасының Рәміздерін құрметтеу — әрбір азаматтың борышы, міндеті. С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде ZOOM платформасы арқылы "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі оқушылары "Жас Ұлан" ұйымы мүшелері: 8 «Б» сынып оқушысы Сейтбек Айсұлу, 6 «Б» сынып оқушысы Алиман Ая, 6 «Ә» сынып оқушысы Кеңесбек Адема "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз" тақырыбында өлеңдерін арнады.