10
декабрь
2019
Онкүндіктің өтілуі бойынша мәлімет
Онкүндіктің өтілуі бойынша мәлімет
2019 жылдың 28 қараша — 6 желтоқсан күндері аралығында Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебінде математика пәні онкүндігі болып өтті. Бұл онкүндікті ұйымдастырудағы мақсат — математика сабағында жаңартылған білім мазмұнына аясында оқушылардың ішкі уәждерін дамытудың тиімді жолдарын қарастыра отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Осыған орай мектебіміздің білікті мамандары ашық сабақтар өткізіп, сыныптан тыс шаралар ұйымдастырды. Сондай-ақ, осы онкүндікпен тұспа-тұс «Жас ғалым — Жастар» орталығы және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастыруымен 5-10 сынып оқушылары арасында Республиклық «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысы болып өтті. Бұл өткізілген шаралар оқушылардың математикалық қабілеттері мен бейімділіктерін шыңдайды.
«Самұрық» зияткерлік сайысы