«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» ұлттық ойындар жарысы
18 наурыз күні «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты ұлттық ойындардан жарыс өткізілді. Мақсаты: Ұстаздар мен балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, ұлттық ойын түрлерімен таныстыру; Елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Мереке өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталды. Балалар ұлттық киімдерімен келді. Залда әсем әуен ойналды. Оқушылар бірнеше қазақтың ұлттық ойындарын көрсетті.