Әнші-ақындар » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
Үкілі Ыбырай
19
январь
2021
Үкілі Ыбырай
Үкілі Ыбырай Ақын, аса көрнекті композитор, кезінде алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырай… Оның «Үкілі Ыбырай» атануының себебін «Өзім жайлы» атты өлеңінде бабамыз өзі айтып кетіпті: «Аралап талай елдің дәмін таттым, Сұлудың асқақ әнмен бабын таптым. Қалаған Сәмекеден қара қалпақ, Қос буын шекесіне үкі тақтым», – десе қара қалпақтағы қос буын үні дом¬бырадағы қос буын үнімен достасып, бірге үндесе желбірегендей көз тартып «Үкілі Ыбырай» атанды. Біржан сал, Ақан сері секілді өз заманының еркесі
Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы
19
январь
2021
Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы
Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы Әбілқайыр әулетінен шыққан, Қаратай сұлтанның немересі. Оның туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіп өнерпаз адамдар болған. Мұхит Орынбор, Қостанай, Жаманқала (Орск), Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау өңірлерін аралап, «Әнші Мұхит», «Сал Мұхит» атанды. Оның «Дүние-ай», «Зәуреш», «Паң көйлек», «Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері әншілік өнерінің сан қырлы табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, нәзік те сырлы, мөлдір лиризмге тұнған әндерін
Біржан сал
19
январь
2021
Біржан сал
Біржан сал Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан Тұрлыбай, Нұралы, Ералы туады. Біржан Тұрлыбайдың баласы. Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата
Ақан сері
19
январь
2021
Ақан сері
Ақан сері Қорамсаұлы 1843 жылы Қоскөл (қазіргі Көкшетау облысының Айыртау ауданы) деген жерде дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ақжігіт болғанмен, әке-шешесі еркелетіп Ақан деп атап кеткен. Күнту деген молдадан мұсылманша хат таныған Ақан он үш жасқа толған соң Қызылжарға (қазіргі Петропавл қаласы) келіп, Уәлидің медресесінде үш жылдай білім алады. Осылай жүріп ол шығыс поэзиясына көңіл бөліп өнер-білімге ден қоя бастайды. 16 жасынан бастап суырыпсалмалық пен ақындық өнерге біржола ден