Kітапхана » Страница 5 » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сәкен Сейфуллин
19
январь
2021
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин (1894–1938) 15 қазанда Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905–1908), қалалық үш класты училищеде (1913–1916) оқыды. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берді. 1917 жылы 9 наурызда «Асығып тез аттандық» атты өлеңін жазды.
Мұхтар Шаханов
19
январь
2021
Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген. КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969), КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978), «Жалын» альманахының (1984), «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстанның халық жазушысы (1996), Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы (1986), Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
19
январь
2021
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).[1] Мұхтар Омарханұлы Әуезов Туған күні 28 қыркүйек 1897 Туған жері Шыңғыс болысы, Семей уезі, Семей облысы, Ресей империясы (қазіргі кезде - Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Қайтыс болған күні 27 маусым 1961 (63 жас) Қайтыс болған жері Мәскеу, КСРО
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
19
январь
2021
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Мұқағали Мақатаев Туған күні 9 ақпан 1931 Туған жері Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде ауылы Қайтыс болған күні 27 наурыз 1976 (45 жас) Қайтыс болған жері Алма-Ата, Қазақ КСР, КСРО Азаматтығы Қазақ КСР Ұлты қазақ Мансабы ақын,
Қасым Қайсенов
19
январь
2021
Қасым Қайсенов
Қасым Қайсенов - Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. 23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында дүниеге келіп, 30 желтоқсан 2006, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында дүниеден өткен. 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны
Жансүгіров Ілияс
19
январь
2021
Жансүгіров Ілияс
Дүниеге келгені: 1894 мамырдың 5-інде туған Алматы облысы Ақсу ауданы Қайтыс болғаны: 1938 Мансабы: ақын Жансүгіров Ілияс — ақын. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Жансүгіров Ілияс (1894–1938) – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Алматы облысының Ақсу ауданы. Алғаш рет Қарағаш ауылындағы мектепте оқып, жәдитше сауат ашқан. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп (1921), өз аулында мұғалім болады. Одан кейін аз
Жамбыл Жабаев
19
январь
2021
Жамбыл Жабаев
Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік
Әбділда Тәжібаев
19
январь
2021
Әбділда Тәжібаев
Әбділда Тәжібаев (1909-1998) - көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте оқыған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті),
Дулат Исабеков
19
январь
2021
Дулат Исабеков
Дулат Исабеков (20.12.1942 ж., "Ленин жолы" ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992). Дулат Исабеков Туған күні 20 желтоқсан 1942 (77 жас) Туған жері "Ленин жолы" ауылы, Арыс, Түркістан облысы, Қазақ КСР, КСРО Азаматтығы Қазақстан КСРО (1942-1991) Ұлты қазақ Мансабы жазушы, редактор Шығармашылық жылдары 1963 - қазіргі уақытқа дейін Бағыты драматургия, проза Шығармалардың тілі қазақ Өмірбаяны Дулат Исабеков
Майлин Бейімбет (1894-1938)
19
январь
2021
Майлин Бейімбет (1894-1938)
Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ