29
ноябрь
2019
1 желтоқсан — Тұғыш Президент күніне орай өтілген іс-шаралар ақпараты
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 29 қараша
күні мектеп мәжіліс залында "Елбасы ел тірегі" атты мерекелік кеш өткізілді.
Мақсаты: елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру. Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
Залды, мектеп дәліздерін шарлармен, баннерлермен әсем сәндеп, қолөнер көрмесі қойылды.
Кеш әсем қыздардың қазақша биімен ашылды. Жүргізушілер орыс және қазақ тілдерінде жүргізді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалды. Жүргізушілер Н.Назарбаевтың туған жылынан бастап барлық өмірбаянымен таныстырып отырды. Талантты оқушыларымыз Елбасының сөзімен жазылған «Елбасы», «Үшқоңыр» әндерін орындады. Одан бөлек патриоттық әндер мен күйлер орындалды. Ақын қасиеті барлар өз туындыларын оқыды. Кеш соңында «Мен қазақпын» әніне барлық қатысушыны шақырып, естелікке суретке түстік. Кеш өте қызықты өтті.