Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар ақпараты » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар ақпараты
17
декабрь
2020

Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар ақпараты

«Тәуелсіздік-ел тілегі» тақырыбында өткен тәрбие сағатының ақпараты

Күні: 14.12.2020ж

Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
«Ой ашар» кезеңі: Тәуелсіздік дегеніміз не?
Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Ата–бабаларымыз аңсап қана қоймай, сол үшін не бір қанды ұрыстарда белді бекем буып күресті емес пе.
1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізде Желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.
Бейнеролик: «Алматы алаңы – 1986 жыл»
«Үйренейік, танысайық» кезеңі: Мәдени ескерткіштерді білеміз бе?
1. Ата тарих тұмасы – Алтын Адам.
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті елді мекенінің жанындағы ескі қорғандардың бірінен археологиялық экспедиция кезінде табылды. Алғаш хабарлаған археолог, профессор, тарих ғылымының докторы Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаев.
2. Жас Астананың символы – Бәйтерек.
3. Респубика алаңында. Тәуелсіздік монументі.
16.12.1996жылы ашылды, авторы: Ш.Ыдырысұлы бастаған топ. Монументтің биіктігі – 32 метр, оның ортасында еліміздің елтаңбасы салынған, ұлттық нақышпен өрнектелген, биік тұғырдың ұшар басына алтын батыр мен жолбарыстың мүсіні қойылған. Батырдың бейнесі Есіктен табылған «Алтын адам» үлгісінде құйылған. Ескерткіштегі алтын жалатылған бүркіт, батырдың қылышы мен жолбарыстың жиынтық бөлшектері қымбат тастармен жасалған.
«Поэзия минуты» кезеңі: Оқушылар тақпақтары
«Шын жүректен» кезеңі: Жылы тілек айту.
Әр оқушы көк жалаушаны қолдарына алып, «Мен елімді сүйемін» деп жылы лебіздерін білдіреді.
Бекіту:
- Тәуелсіздік мәңгі жасасын! Еліміздің бірлігі мәңгілікке сақталсын!




«Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында онлайн шығарма байқауының ақпараты
07.12-09.12 аралығында 5-6-сынып оқушылар арасында Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында онлайн шығарма байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
1.Тәуелсіздіктің сара жолын насихаттау.
2.Сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыру, өз ойын еркін, әдеби, көркем тілмен жеткізе білу дағдысын ұштау.
Байқауға 5-6-сыныптар арасынан әдебиетке жаны жақын, поэзияға бір қадам жақын оқушыларымыз қатысты.
Бәйге болған соң біреу озады, біреу суырылып шығады. Осы шығарма байқауынан сөзге шешен, ойын анық жеткізе алатын, көркем жаза алатын бірнеше оқушылар үздік деп танылды.
Шығарма қорытындысы:
1 - орын Дулат Дана 6«Ә»
2 - орын Айтжанова Ақнұр 6«Ә»
3 - орын Мананбай Зепе 5«В»
Жарыс жеңімпаздары мектепшілік диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

«Туелсіздік елімнің - ерлік жаны» атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиыны ақпараты
Күні: 14-15.12.2020
Мақсаты: Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
2020 жылдың желтоқсан айының 14-15-і күндері, сағат 10:00 және 14:00-де 16 – желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай мектебімізде «Туелсіздік елімнің-ерлік жаны» атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиыны санитарлық талаптарға сай өткізілді. Жиынға саны 15-тен аспайтын оқушылар және ұстаздар қатысты.
"Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым.
"Жас ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарын оқушыларды салтанатты қабылдау рәсімі санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
«Жас Ұлан» ұйымына 5-8 сыныптардан 35 оқушы қабылданды.
«Жас қыран» ұйымына 2 «Ә», 2 «В», 2 «Д», 2 «Б» сынып оқу-шыларынан 54 оқушы қабылданды. Ұйымға қабылданатын оқушылар тақпақтарын, әндерін айтып, өлең жолдарын оқып бірауыздан ант қа-былдады. Галстук және төсбелгі тағу рәсімі құрметті қонақтарға берілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кусемисова Лаззат Парымбековна оқушыларға деген құттықтауын жеткізді.





Мұражай – әр елдің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Мұражай бірнеше топқа бөлінеді: тарихи мұражай, көркемөнер мұражайы, жаратылыстану мұражайы, техникалық мұражай, кешенді мұражай, мемориалдық мұражай.
Әсіресе, қазіргі заманда жастардың қызығушылығы тарихи және көркемөнер мұражайларына бұрып тұр.
Астана қаласындағы маңызы бар мұражайларға шолу жасай кетсек:

1. Астана қаласының Қазіргі заман өнер мұражайы.
1980 жылғы 2 қазанда ашылған, отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған, жыл сайын мұражайға 70000 адам келеді, мыңнан астам іс-шара өткізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы.
Мұражай Президенттің қаулысымен 2004 жылғы 28 тамызда құрылған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері сол күйі өзгертілмей сақталған.
Келушілердің қызығушылығын бастапқы қалпын сақтап қалған мемлекет басшысының кабинеті оятады.Үстел үстіндегі жазба құралдары және белгілері бар блокнот, сөз сөйлеу тезистері мен құжаттар Президенттің күнделікті жұмыс күннің атмосферасын тудырады.

3. Атамекен мұражайы
Астана қаласындағы аспан астындағы мұражай. 2001 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылды. Онда Қазақстаннын барлық қалалары мен тарихи ескерткіштерінің кішірейтілген модельдері көрсетілген. 1,7 га алаңда(екі футбол алаңы)елді алақандағыдай көруге және оның сәулет-ландшафт тарихымен танысуға болады. Картада 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қала-Астана мен Алматы орналасқан.
Жыл сайын жақын және алыс шет елдерден келген 10 мыңнан астам қонақ тамашалайды.
4. Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы
Қазақ халқының ең жарқын тұлғаларының бірі, ұлы ақын, жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жұмыстарын сақтай отырып, 1988 жылғы 21 ақпанында Астана қаласында өлкетану мұражайының бір бөлігі ретінде ашылған. Мұражай жанына ақыннын ескерткіші орнатылған.Тарихи архитектуралық ескерткіш саналғанымен,мұражайдың сыртқы көрінісі бүгінгі жаңа құрылыстар ансамбліне ұқсас келеді. Мұражайда 6000-ға жуық материалдар жинақталған.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы
Мұражай 2014 жылдың 2 шілдесінде ашылды. Бұл елдегі ең үлкен мұражай болып келеді. Жер телімінің жалпы ауданы 9,9 гектар, ғимараттардың алаңы 74 мың шаршы метр, экспозицияның алаңы 14 095 шаршы метр, қорлар 8 000 шаршы метр.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив