«Шаш өру — қазақ қызына тән» атты қыздар арасында шаш өруден ұйымдастырылған эстафета ақпараты » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шаш өру — қазақ қызына тән» атты қыздар арасында шаш өруден ұйымдастырылған эстафета ақпараты
09
апрель
2021

«Шаш өру — қазақ қызына тән» атты қыздар арасында шаш өруден ұйымдастырылған эстафета ақпараты

«Шаш өру қазақ қызына тән» атты қыздар арасында шаш өруден ұйымдастырылған эстафета ақпараты
Мақсаты: Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық-іскерлігін арттыру. Жарнама, фото жанрында талғампаздық, қиялын дамыту, іске асыра білу, жұмысын көрсете білу.
Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге деп қараған. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен түр-тұлғасына қарап бағалаған.
Қыздардың шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай «жалғыз бұрым», «қос бұрым» деп бөлінеді. Ұзын әрі алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі аша түседі.
Шаш күтімі оны тарау, өсіру, өрудің өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі үлкен, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» делінген халық өлеңіндегі ғажап сурет осының бір дәлелі. Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, жағатын, тағылымы зор тағымдар мен зергерлік әсем бұйымдар тағы бар. Шашты тарау, тарқату үшін шаштарақпен бастырады. Тарақты шеберлер сиыр мүйізінен жасаған. Шашты жылтырату үшін шашмай жағады. Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы мен артық саналатыны – шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын болғасын тағылады, желді күні көтеріліп кетпес үшін де пайдаланылады. Әсем сәнді шолпыларды қыздар мен келіншектер таққан, егде әйелдер тақпаған.
"Жас Ұлан" ұйымының мүшесі, «Шаш өру қазақ қызына тән» атты қыздардың арасында шаш өруден эстафета қатысушылары:
5"Ә" сынып оқушысы — Орынбасар Арай
8"Б" сынып оқушысы — Кенжебек Перизат
6"Ә" сынып оқушысы — Кеңес Алина
5"В" сынып оқушысы — Орынбекова Малика
6"Ә" сынып оқушысы — Дыбыс Әйгерім
7"Б" сынып оқушысы — Жумахан Сымбат
6"Ә" сынып оқушысы — Кеңесбек Адема



«Шаш өру — қазақ қызына тән» атты қыздар арасында шаш өруден ұйымдастырылған эстафета ақпараты
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив