09
апрель
2021
«Отбасы күні» мерекесі туралы ақпарат
«Отбасы күні» мерекесі туралы ақпарат
Өткізілген күні: 11-15.09.2020ж.
«Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 жарлығына сәйкес қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып табылады. Отбасы күніне орай С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мына мекенжайда тұратын көп балалы отбасыларды құттықтап қайтты:
Сыпатай батыр к/сі 53 — Хамдамова Севера,
Төле би к/сі 8/98 — Манекеева Нұрлыгүл,
Шалғай Қарасу 2 /57 үй — Қойбағарова Индира.
Сонымен қоса Отбасы күні аясында 50 және одан да көп жыл некеде тұрған отбасыларға әулеттерге құрмет көрсету мақсатында №10 орта мектеп «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері Игісіновтар әулетін құттықтап қайтты.
Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету; Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу.
Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.