«Күй анасы – Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы»
Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кемде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 160 жыл толып отыр. Тәрбие мақсаты: Батыс өңірінің халық композиторы Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет алу, күйді тыңдату арқылы балалардың эстетикалық талғамын ояту, оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық