Kітапхана » Страница 3 » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шортанбай Қанайұлы
19
январь
2021
Шортанбай Қанайұлы
Шортанбай Қанайұлы -Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған. Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге
Мұрат Мөңкеұлы
19
январь
2021
Мұрат Мөңкеұлы
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен. Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін
Махамбет Өтемісұлы
19
январь
2021
Махамбет Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі
Дулат Бабатайұлы
19
январь
2021
Дулат Бабатайұлы
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының Қаракерей сыбан руынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан
Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы
19
январь
2021
Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы
Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы Әбілқайыр әулетінен шыққан, Қаратай сұлтанның немересі. Оның туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіп өнерпаз адамдар болған. Мұхит Орынбор, Қостанай, Жаманқала (Орск), Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау өңірлерін аралап, «Әнші Мұхит», «Сал Мұхит» атанды. Оның «Дүние-ай», «Зәуреш», «Паң көйлек», «Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері әншілік өнерінің сан қырлы табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, нәзік те сырлы, мөлдір лиризмге тұнған әндерін
Біржан сал
19
январь
2021
Біржан сал
Біржан сал Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан Тұрлыбай, Нұралы, Ералы туады. Біржан Тұрлыбайдың баласы. Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата
Ақан сері
19
январь
2021
Ақан сері
Ақан сері Қорамсаұлы 1843 жылы Қоскөл (қазіргі Көкшетау облысының Айыртау ауданы) деген жерде дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ақжігіт болғанмен, әке-шешесі еркелетіп Ақан деп атап кеткен. Күнту деген молдадан мұсылманша хат таныған Ақан он үш жасқа толған соң Қызылжарға (қазіргі Петропавл қаласы) келіп, Уәлидің медресесінде үш жылдай білім алады. Осылай жүріп ол шығыс поэзиясына көңіл бөліп өнер-білімге ден қоя бастайды. 16 жасынан бастап суырыпсалмалық пен ақындық өнерге біржола ден
Әдебиет теориясы
19
январь
2021
Әдебиет теориясы
Әдебиет теориясы Әдебиет теориясы - әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып
Орхон-Енисей ескерткіштері
19
январь
2021
Орхон-Енисей ескерткіштері
Орхон – Енисей ескерткіштері Орхон – Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон – Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен. 1697 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте талас бойындағы «Орхон тасы» жер атап көрсетілді. Көне түркі жазба нұсқауларын зертеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер
Махмуд Қашқари
19
январь
2021
Махмуд Қашқари
Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай