10
февраль
2022
«Күй анасы – Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы»
Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кемде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына биыл 160 жыл толып отыр.
Тәрбие мақсаты: Батыс өңірінің халық композиторы Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет алу, күйді тыңдату арқылы балалардың эстетикалық талғамын ояту, оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыру.
Білімділік мақсаты: Ұлы Құрманғазының шәкірті, лайықты мұрагері Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, күйлері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық мақсаты: Күй тыңдау арқылы оқушылардың қиялы мен ой- өрісін ойлау қабілетін, сезімін дамыту.