05
апрель
2021
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні
5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында мерекелік іс-шараның жоспарға сай аталып өтілді. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар авторлық өлеңдерін оқып, тіл тазалығына байланысты бейнероликтер түсіріп, орта буын оқушылары ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, челлендж ұйымдастырды. Челленджде үш тілділікте ұмытылмады. Ақын-жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерімен таныстырды.
Іс-шара жоспарына сәйкес 03-07.09. аралығында «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің атасы», «Латын әліпбиінің негізін қалаушы», «Тілге құрмет, елге құрмет» атты қашықтықтан тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының алға қойған мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу және оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу болмақ.