03
сентябрь
2017
«Сыңғырла, алғашқы қоңырау!»
«Сыңғырла, алғашқы қоңырау!»
2017 жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің - 25 жылдығы, Астана ЭКСПО-2017 тақырыбын негізге ала отырып, «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты 1-11-сынып оқушыларымен екі ауысымда салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиында мектеп директоры С.М.Искакова мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз бен ұстаздарды құттықтап сөз сөйледі. Оқушылар Қазақстан, Мәңгілік ел, Туған жер, Еліміздің жүрегі – Астана, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне - 25 жылдығына арналған өлең жолдарын оқып, мектеп жас мамандары мен әкімшілігі «Алға, Қазақстан» әніне флешмоб билеп, «Мәңгілік Ел» идеясының эмблемасын жасады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сыныптардың бүлдіршіндері тақпақ айтып, алғашқы қоңырау соқты. Мектеп директоры С.М.Искакова және қонақтар мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің жолдары ақ болсын деп лента қию рәсімін жасады. 11-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларын лента қию рәсімінен кейін сынып бөлмелеріне шығарып салды. Салтанатты жиында ән-сазды бағдарламалар қойылды. Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда 1 қыркүйек білім күніне арналған «Мен – өз елімнің патриотымын!» атты тақырыпта білім сағаттарын жүргізді. Мектеп директоры екі аусымда ашық сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға білім күнінің маңызын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің – 25 жылдығы, еліміздің жеткен жетістігі, «Мәңгілік Ел» идеясын, өз елінің патриоттары болуға, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.