05
сентябрь
2018
«Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиын ақпараты
1 қыркүйек Білім күніне арналған «Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты өткізілген салтанатты жиын туралы мәлімет
2018-2019 оқу жылының 1-қыркүйек күні Астана қаласына 20 жыл толуын және №10 орта мектебіне әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қораныс министрі С.Нұрмағанбетовтың есімі берілгенін негізге ала отырып, «Сыңғырла, алғашқы қоңырау» атты 1-11 сынып оқушыларымен екі ауысымда салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиында мектеп директоры С.М.Искакова мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз бен ұстаздарды құттықтап сөз сөйледі. «Жас Ұлан» оқушылары Қазақстан, Мәңгілік ел, Туған жер, Еліміздің жүрегі – Астана, С.Нұрамағанбетовке арналған өлең жолдарын оқып, мектеп оқушылары «Қазақстан» әніне флешмоб билеп, «I Love you Astana», «Астана-20 жыл» эмблемасын жасады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сыныптардың бүлдіршіндері тақпақ айтып, алғашқы қоңырау соқты. Мектеп директоры С.М.Искакова және қонақтар мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің жолдары ақ болсын деп лента қию рәсімін жасады. 11 сынып оқушылары 1 сынып оқушыларын лента қию рәсімінен кейін сынып бөлмелеріне шығарып салды. Салтанатты жиында ән-сазды бағдарламалар қойылды. Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда 1 қыркүйек білім күніне арналған «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің ролі!»,«Астана менің жүрегім» атты тақырыптарда тәрбие сағаттарын жүргізді.
Мақсаты: оқушыларға білім күнінің маңызын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, Конституция, еліміздің жеткен жетістігі, Астана қаласының 20 жылдығы, С.Нұрамағанбетовтің ерлігі, «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік Ел» идеясын, өз елінің патриоттары болуға, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.