Праздничные мероприятия
2016-2017 оқу жылындағы жарты жылдық есебі
№10 мектебі «Мұрагер» тәрбие орталығы 2015-2016 оқу жылындағы тәрбие жұмысына сараптама жасай отырып, 2016-2017 оқу жылына төмендегі міндеттерді қойған:
- сынып жетекшілерінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарын жүйелендіру және түрлендіру;
- оқушыларға құқықтық тәрбие бағыты бойынша жұмыстарды жандандыру;
- әдістемелік бірлестіктер жұмысын жандандыру;
- үйірмелерге қатысатын оқушылар санын көбейту.
Мектептің тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрықпен бекітілген «ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» арқылы мектептің 2016-2017 оқу жылына арналған тәрбие бағдарламасы және тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылды.
Тәрбие жұмысы төмендегі нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып жүргізілді: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының балалардың құқығы туралы» заңы, Балалар құқықтары туралы Конвенция, Қазақстан Республикасының Білім заңы, Тіл туралы заң, «Неке және отбасы» заңы, 2001ж. «Қазақстан Республикасындағы адамгершілік-жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы №258 Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысы Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар, Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдаулары.
Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Мұрагер» тәрбие орталығы І жарты жылдық бойынша төмендегідей жұмыстарды жүргізді.
2016 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің -25 жылдығына арналған «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты 1-11 сынып оқушыларымен салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиында мектеп директоры С.М.Искакова мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз бен ұстаздарды құттықтап сөз сөйледі. «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары Қазақстан, Мәңгілік ел,туған жер, Еліміздің жүрегі – Астана, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің -25 жылдығына арналған өлең жолдарын, өз туындыларын оқыды. Салтанатты жиынның қәдірлі қонағы болған қалалық білім бөлімінің әдіскері Әмірбекова Қалдыгүл және ардагер медицина қызметкері смановна Назира мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерімізге өз тілектерін білдіріп, Тәуелсіздіктің -25 жылдығымен құттықтады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сыныптардың бүлдіршіндері тақпақ айтып, алғашқы қоңырау соқты. Мектеп директоры С.М.Искакова және қонақтар мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің жолдары ақ болсын деп ақ лента қию рәсімін жасады. 11 сынып оқушылары 1 сынып оқушыларын лента қию рәсімінен кейін сынып бөлмелеріне шығарып салды. Салтанатты жиында ән-сазды бағдарламалар қойылды. Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда 1 қыркүйек білім күніне арналған «Мен – өз Отанымның патриотымын!» атты тақырыпта білім сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларға білім күнінің маңызын, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің - 25 жылдығы, еліміздің жеткен жетістігі, «Мәңгілік Ел» идеясын, 100 нақты қадам, Семей полигоны, туралы түсініктерін дамыта отырып, өз елінің патриоттары болуға, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.
Қыркүйек айында 2016-2017 оқу жылына арналған тәрбие жұмысын жоспарлауға бағытталған сынып жетекшілер әдістемелік кеңесінің отырысы өтті. Отырыста тәрбие бірлестік жетекшілері тағайындалып, жас сынып жетекшілеріне жетекшілер тағайындалды. Тәрбие бірлестік жетекшілерімен бірігіп, тәрбие жоспарларын тексеріп, бекітілді. Өзін-өзі басқару бойынша оқушылардан сыныптарда сынып белсенділері сайланды. Оқушылыр мектепішілік үйірме мен, мектептен тыс үйірмелерге қамтылған. Мектепішілк үйірмеге -39.2% мектептен тыс үйірмелерге – 20.2% , жалпы үйірмеге қатысу - 59,4 % құрады.
«Оқушылардың көшеде және жолда өз –өздерін ұстау ережелері» бойынша мектеп психологтары сауалнама алды.
1-4 сыныптар арасында «Жол ережесін білеміз бе?» сынып сағаттары өткізіліп, жол ережесін сақтау туралы білімдерін толықтырдыОқу жылы басында сынып бөлмелеріндегі Қазақстан Республикасының рәміздерінің орналасуы тексерілді. Қазақстан Республикасының рәміздері сынып бөлмелерінде талапқа сай орналасқан. Оқушылырдың формаларына рейд жүргізіліп ай бойы қадағаланып отырды. Оқушылырдың барлығы оқулықпен қамтылған. Әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылардың тізімі жасалынды. Барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналар комитеті сайланды.
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне 1-11 сыныптар аралығында тіл мерекесіне арналған қабырға газеттері шығарылды. «Үш тіл-болашаққа жол» тақырыбында өтетін тіл мерекесіне арналған онкүндіктің жұмыс жоспары жасалып, жоспар бойынша іс – шаралар өткізілді. Барлық сыныптарды тіл күніне арналған сынып сағаттары өткізілді.
2016-2017 оқу жылындағы ардагер ұстаздар мен ҰОС қатысушылар тізімі жасалынды.Барлығы 17 ардагер ұстаздар бар.
2016 жылдың қазан айында мектептегі тәрбие жұмысы бойынша өткізілетін іс-шаралардың жоспары жасалып бекітілді. Жоспар бойынша мектеп фойесінде оқушылардың шығарған ұстаздар, қарттар, қала күніне байланысты қабырға газеттері ілінді. Барлық сыныптарда «Менің-сүйікті қалам» «Қарты бар ел-қазыналы ел» «Ұстаз – ұлағатты есім» атты сынып сағаттары өткізілді
Мектепте «Ұстаздық еткен жалықпас...» атты онкүндік өткізілді.
20 қыркүйек пен 5 қазан аралығыда ұстаздар күніне арналған «Ұстаздық еткен жалықпас... » атты онкүндіктің жоспары жасалып бекітіліп, таныстырылды. Мектеп кітапханасында «Ұстазым - алтын қазынам!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақын – жазушылардың ұстаз туралы кітаптары қойылды. 11 сынып сынып оқушылары «Ұстаз - ұлы тұлға» атты қабырға газеттер,банерлер шығарып мектеп фойесіне ілінді.
«Жас Ұлан» ұйымы «Ұстазға арнау» атты құттықтау жәшігін мектеп дәлізіне орналыстырды. Жәшікке оқушылар өздерінің ұстаздарға деген ізгі тілектерін жолдады.
Барлық сыныптарда ұстаздар күніне арналған ашық сынып сағаттары өткізілді.
1 қазан күні мектепте 10-11 сынып оқушыларымен «Өзін – өзі басқару» күні ұйымдастырылды. Өзін –өзі басқару күнінде оқушылар ұстаздардың орнына сабақ беріп, ұстаз мамандығының қиын да қызығы мол жұмыс екеніне көз жеткізді.Білім ұясын ізгіліктендіру мен жариялылықтың жүзеге асқандығының нәтижелі белгісі әрі шәкірттердің асыға күтетін күні – «Өзін-өзі басқару күні». Мектеп оқушылары бұл күні директордың, директор орынбасарларының және пән мұғалімдерінің орнына қызмет атқарады.
1 қазан мұғалімдер күніне орай 10-11-сынып оқушыларына мектеп әкімшлігі және мұғалім қызметтері бөлініп, оқушылар екі ауысым бойынша сабақ берді. Мектеп әкімшілігіне Директор болып 11 «А» сынып оқушысы Баймаханов Медет, оқу ісінің орынбасары болып 11 «А» сынып оқушысы Қоңырбаева Аружан, директордың тәрбие ісінің орынбасары болып 11 «Ә» сынып оқушысы Тойшыбекова Эльмира, директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары болып 11 «А» сынып оқушысы Жанысбек Аяулым, директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары 10 «А» сынып оқушысы Есқали Дархан, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 10 «Ә» сынып оқушысы Нәмет Бағлан, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 11 «Б» сынып оқушысы Иваниди Елизавета, мектеп инспекторы болып 11 «Б» сынып оқушылары Тұрғынбай Айдын, Сұлтанмұрат Бақдәулет қызмет атқарды. Ал қалған 11 сыныптың оқушылары пән мұғалімдерінің ролін атқарып, әркім өзіне тиесілі сабақтарына кірді. Оқушылар сабақ жоспарларын дайындап сабақты жақсы өткізді.Оқушылардың сол күнгі жауапкершілігі және оны сезінуі, мұғалімнің қызметін түсіне білулері, өте жоғары дәрежеде байқалды. Сабақтарға жоғары дайындықпен келген. Әрбір пән мұғалімі өз аты-жөні жазылған бейджиктерді тағып, төменгі сынып оқушыларының сұрақтарына жауап тиянақты берді. Мұғалімдерге арналған салтанатты жиынға 10-11 — сынып оқушылары қатысты.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында, - деген ұранмен келер күнге сеніммен қарататын осындай игі де ізгілікті іс біздің ұжымымызда оң нәтижесін беруде.
2016-2017 оқу жылындағы «Өзін-өзі басқару» ұйымының іс-шаралары өз денгейінде атқарылды.
3 қазан күні мектеп директоры С.М.Искакова оқушылардан құралған мектеп әкімшілігіне «Өзін-өзі басқару» күнінде жоғары дәрежеде жұмыс жүргізгені үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Онкүндікті қорытындылай келе ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаздық еткен жалықпас....» атты концерттік бағдарлама қойылды. Мерекелік концертте мектеп бітіруші 11 сынып оқушылары ұстаздарға арналған арнау оқып, қызықты ойын ойнатып, өзін – өзі басқару күнінен алған әсерлерімен бөлісіп, ән айтып, би биледі. Осы мерекелік кеште «Ұстазға арнау» атты құттықтау жәшігі ашылып хаттар иесіне табысталды. Мектепте ұстаздар күніне байланысты жоспарланған іс –шаралар өз деңгейінде өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ардагерлер мен қарттардың қатысуымен мерекелік іс –шара ұйымдастырылды. 12 қазан күні мектепте қала және қарттар күні мерекесін атап өту үшін қалалық әкімшілікпен бірігіп қайырымдылық іс –шарасы өткізілді. Қайырымдылық шарасына қалалық ардагерлер мен қарттар және мектептің ардагер ұстаздары қонаққа шақырылды. Қайырымдылық шара барысында мектеп асханасына дастархан жасалып, қонақтарға күріш, қазақтың ұлттық тағамы сый-құрметпен тартылды. Кеште қалалық ардагерлер кеңесінің, үшінші аумақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметов Шыңбай аға және Құлымбетов Қалдыбек, Невладислав Никалаевич, Замира Юлдашева және мектептегі ардагер ұстаздар төрайымы Гүлнар Каухановна мен Күләш Акишовна және де көптеген қонақтар қатысты. Іс – шараға БАҚ өкілдері Жамбыл –Тараз, Арай газеттерінен және Қазақстан–Тараз, 77 телеарналарынан тілшілер келіп қайырымдылық шараның өткізілуін тамашалады. Ахметов Шыңбай аға сөз алып, өткізіліп жатқан қайырымдылық шараға ризашылығын білдіріп, қала жұртшылығын мерекелерімен құттықтап, мектеп ұжымына өз алғысын білдірді. Қайырымдылық шарада мектеп оқушылары өздерінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын көрсетті. Концерттік бағдарламада оқушылар қала туралы, қаламыздың көрнекті жерлері туралы тоқтала отырып, қарттарға да өз арнауларын жыр жолдары арқылы жеткізді. Бағдарлама соңында оқушылар өз өнерлерімен бөлісіп, әннен шашу шашты. Тараз–Парасат колледжінен, №23 орта мектеп мұғалімдері де қайырымдылық шарасына қонақ ретінде шақырылып, жиналған көпшілікке өз өнерлерін көрсетті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ардагерлер мен қарттардың қатысуымен өткізілген мереке өз деңгейінде өтіп, келген қонақтар ризашылықтарын білдіріп тарасты.
Қазақстан Республикасынығ Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған флешмоб 2016 жылдың 15 қазаны күні мектепте «Біз Тәуелсіз Қазақстанның балаларымыз!» атты ұранмен өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың бойында патриоттық, азаматтық сезімді қалыптастыру.Міндеттері:
- оқушыларды Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу
- елінің тарихын, ұлттық мәдени мұрасын құрметтеуге баулу.
Флешмобка 4-8-9-10-11 сынып оқушыларынан барлығы 350-і қатысты. Оқушылар флешмобта патриоттық әндерден құрылған попурриге биледі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізіліп отырған флешмобта алдыңғы қатардағы оқушылар үлкен етіп жазылған «25» санын алға ұстап биледі.Флешмоб соңында аспанға шарлар ұшырылды.
Қала күніне байланысты 2-3 сынып оқушылары қаланың көрікті жеріне сынып жетекшілерімен бірігіп топ саяхат жасады.
Мектеп психологтары 8-11 сынып оқушыларымен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында әңгіме жүргізді.Қазан айы бойынша үйірме сағаттарының жүргізілуін қадағалау мақсатында үйірме жетекшілерінің сабақтары тексеріліп, қадағаланды.
Қыздармен жиналыс жоспардан тыс өткізіліп, онда қыз гигиенасы, әдебі туралы айтылды.
21-22 қазан күні 1-7 сынып оқушылары арасында «Күзгі байлық» жәрмеңке өткізілді.
Мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында «Дәнді дақылдар елінде», «Көкөністер елінде», «Жеміс –жидектер елінде» күзгі ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға күз мезгілінің сыйы, күзгі береке туралы түсінік бере отырып, табиғатты қорғаушы, табиғат жанашыры болуға тәрбиелеу. Ертеңгілікте оқушылар өздері дәнді – дақылдар, жеміс – жидек, көкөністің роліне ене отырып, көрініс көрсетіп,ән айтып, би биледі. Күзгі сән үлгілерін де көрерменге тарту етті. Ертеңгілік қорытындысы бойынша ең үздік хор, үздік көрініс, үздік би, үздік ән орындаушылары марапатталды.
Қазан айының 28- де мектепте «Күзгі аруы -2016» кеші өтті. Зал әсем безендірілген. Күзге байланысты арулардың қабырға газеттері, шарлардан гүлдер жасалған. Ортада екі жүргізуші. Әділ-қазылар алқасына мектеп директоры С.М.Искакова, директордың құқықтық тәрбие орынбасары А.С.Таукебаева, еңбек пәні мұғалімдері Қойгелдиева Ф,Нарынбаева Г. сайланды. 8-10 сыныптар арасынан 12жұп шықты.
Олар:8 «Б» сыныбынан Молдабекова Балауса
9 «Г» сыныбынан Рахманова Мээрим
8 «А» сыныбынан Құралбаева Аружан
10 «А» сыныбынан Усенбаева Аида
8 «Ә» сыныбынан Иман Аида
9 «Б» сыныбынан Рахимова Айбике
9 «В» сыныбынан Алимбекова Айсулу
10 «Ә» сыныбынан Әлібаева Нұрдана
9 «А» сыныбынан Омарова Әйгерім
10 «Б» сыныбынан Медербекқызы Таңсұлу
8 «Г» сыныбынан Бактыбекқызы Айзат
9 «Ә» сыныбынан Бораналы Сая
Аруларымыз өте жоғары деңгейде дайындалған. І кезеңде арулар өздерін таныстырды. ІІ кезеңде Арулар өнер сайысында ән айтты, би биледі, көрініс қойды. ІІІ кезеңде күзгі сән үлгісін көрсетті. ІҮ кезеңде әділқазылар алқасы қабырға газеттері мен күзгі дастархандарын бағалады.Әділ –қазы алқасы дайын болғанша мектеп бітіріп кеткен түлектер Серік Тимур, және баймаханова Медет ән айтып,көрермендердің ризашылықтарына ие болды. Әділқазылар қорытындысын былай шығарды. «Күз аруы - 2016» - 10 «Ә» сыныбынан Әлібаева Нұрдана , І орын -8 «Ә» сыныбынан Иман Аида, ІІ орын -10 «А» сыныбынан Усенбаева Аида, ІІ орын - 9 «А» сыныбынан Омарова Әйгерім, ІІІ орын - 10 «Б» сыныбынан Медербекқызы Таңсұлу марапатталды.
1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күні мемлекеттік мерекесінің өткізу туралы мектепте іс –шаралар жоспары жасалып бекітіліп, таныстырылды.
Мақсаты: Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
Міндеттері:
• Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
• оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу
• Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Мектеп фойесінде қолөнер, шебер қолдар, тоқыма, көңілді қылқалам үйірмелерінің жасаған бұйымдарынан «Мәңгілік ел - менің Отаным» атты көрме жасалды. Барлық сыныптарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы! « Болашаққа жол бастаған – Елбасы», «Лидер нации» т.б тақырыптармен ашық сынып сағаты өткізіліп, оқушылар өздері президентті мақтан, үлгі тұтатынын дәлелдеді. Ашық сынып сағаттарында бейне үзінділер көрсетіп,президенттің сүйікті әнін шырқап, президенттің алар асуы мен жеткен жетістіктеріне тоқтала отырып, елі сүйген, елін сүйген Елбасының өмір жолын үлгі ете отырып, болашақ Тәуелсіз елдің патриоттары болуға дайын екенін көрсетті. Жоспарланған іс –шаралар жоғарғы деңгейде өтті.
Желтоқсан айы бойынша айлық жоспар жасалып бекітілді. Жоспар сынып жетекшілеріне таныстырылып, іс-шаралар өз уақытында өткізілді. 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты ашық сынып сағаттары
Қазақстан Республикасының Рәміздерін насихаттау мақсатында 5-8 желтоқсан аралығында 7-8 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушылар ел рәміздерін құрметтеуге, қорғауға, сақтауға, Тәуелсіз ел мақтанышы өздері екенін сезіне отырып, патриот болып өсуге талпынатынын жеткізді.16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты ашық сынып сағаттары өткізілді. 14 желтоқсан күні «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты қалалық сынып жетекшілерге арналған семинар – практикум өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің
25 жылдығы аясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің құндылығы мен маңыздылығын насихаттау
Міндеттері: 1) Патриоттық тәрбие беру аясында тәрбие жұмысында іс – шараларды ұйымдастыру және тәжірибе алмасу.
2) «Мәңгілік Ел» құндылықтарын жүзеге асыруда инновациялық технологияларды пайдалана отырып, мұғалімдердің шығармашылық потенциалын көтеру.
Семинар - практикумға барлығы қала мектептерінен келген 45 сынып жетекші қатысты.Семинар – практикум соңында ұстаздар барлығына шығармашылық табыс тілеп, алғыстарын білдірді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік –жасасын! атты қалалық фестивальға қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдық.Фестивальға қатысқан 2-6-9-10-11 сынып оқушылары тәуелсіздікке жету жолындағы құрбан болған аға -апкелерінің ерлігін көрсете отырып, Тәуелсіздікке жыр жолдарын арнап, би билеп, әннен шашу шашты.
№47 мектепте 29 қараша күні өткізілген Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділеріне қатарына қалалық қабылдауға қатысу үшін 5 «Б» сынып оқушысы Өмірбек Дильназды жіберілді. Қабылдау жоғары деңгейде өтті. Қабылданатын оқушыларға төсбелгі тағу құрметі қаладағы белсенді азаматтар мен қалалық білім бөлімінің бас мамандарына Нұр-Отан партия мүшелері, ардагерлер төрайымдары, қаланың құрметті азаматтарына бұйырды.
Тәуелсіздіктің - 25 жылдығына орай мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділеріне қатарына қабылдау өтті. Барлығы 22 оқушы қабылданып,ант берді.Жаңа жылдық мерекеге байланысты мектеп фойесі,спорт зал безендіріліп, оқушылармен балмаскарад өткізілді.І жарты жылдық бойынша барлық іс – шаралар уақытылы, жоғарғы деңгейде өткізілді.
2016-2017 оқу жылындағы қаңтар айындағы өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
Айлық жоспар жасалып бекітілді. Жоспар сынып жетекшілеріне таныстырылып, іс-шаралар өз уақытында өткізілді.
І жарты жылдық бойынша сынып жетекшілерінің портфолиосы тексерілді. Әдістемелік бірлестіктің іс-қағаздары толықталды.
Мектеп психологтары Шамсудинова Л. мен Мүсірәліқызы М. «Оқушылардың патриоттық тәрбиесінің қалыптасуы, Мемлекеттік Рәміздерді білуін анықтау» мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға барлығы 520 оқушы қатысы, 98 пайыз өз елінің рәміздері туралы білетінін көрсетті. Барлық сыныптарда Д.А Қонаевтың туғанына -105 жыл» толуына байланысты сынып сағаттар өткізілді. 4 сынып оқушылары Д.А.Қонаевтың музейіне барып, жақынырақ танысып қайтты.