04
март
2022
Жастарды қолдау саясаты әрқашан мемлекет назарынан түскен емес. Еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың қолында. Ағымдағы жылдың 3 наурызында №10 орта мектебінде «Үздік жас маман- 2022» сайысы өтті.
Жастарды қолдау саясаты әрқашан мемлекет назарынан түскен емес. Еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың қолында.
Ағымдағы жылдың 3 наурызында №10 орта мектебінде «Үздік жас маман- 2022» сайысы өтті.
Сайысқа мектебіміздің 6 жас мамандары қатысып, бақтарын сынады. Атап өтсек, Әбді Әлия–математика пәні мұғалімі, Дүмшебаева Айгерім–ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Таубаев Сержан– математика пәні мұғалімі, Иланбай Қуаныш- тарих пәнінің мұғалімі, Бәйдібек Аида- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Мырзай Әсел - тарих пәнінің мұғалімі.
Сайысқа түскен жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті:
1. Жас маманның шығармашылық жұмыстарын қорғау;
2. Сұрақ-жауап сайысы;
3. Мінсіз сабақ- панорамалық сабақ;
4. Эссе жазу;
5. Өз өнерін көрсету;
Өте қызықты әрі тартысты өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Шығармашылық жұмыстарын қорғау және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Жас болса да, ұстаз деген атқа лайық жас мамандар панорамалық сабақты жақсы түсіндіре білді. Сабақ жоспарын құру барысында білім мазмұнын жаңарту шеңберінде белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, педагогикалық шеберліктерін танытты. Шығармашылық кезеңінде талантты мұғалімдеріміз аспапта ойнау, тамылжыта ән салу, қолөнер сынды шеберліктерін айшықты етіп көрсете білді.
Әділқазылар алқасының мүшелері бес кезең бойынша қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. Ал мектеп директоры мен орынбасарлары “Жас маман” сайысы бойынша әділқазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады. Нәтижесінде белсенді қатысып, ерекше көзге түсе білген Таубаев Сержан бас жүлдені иеленсе, Әбді Әлия 1-орынды иеленді. Мырзай Әсел 2-орын, ал Дүмшебаева Айгерім 3-орынды иеленді. Бәйдібек Аида «Шығармашыл жас маман», Иланбай Қуаныш «Жаңашыл жас маман» номинацияларымен марапатталды.
«Бұл ғасыр – тек білімділердің заманы, оны игере алсаң ғана көштен қалмайсың. Білімді бол, ұмтыл алға, жас маман!» деген ұранмен жас мамандарға ақ жол тілейміз. Мектебіміз әрқашан осындай шаралармен толыса берсін!