31
декабрь
2020
Желтоқсан айында ұйымдастырылған іс-шаралар ақпараты
«Ғасырдың керемет адамы» тақырыбында өткен кітап көрмесінің ақпараты
Күні: 30.11-05.12.2020
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі Тұңғыш Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, болашаққа бағыт-бағдар берген Мемлекет Басшысының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау.
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты «Ғасырдың керемет адамы» тақырыбында С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі мен саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.
"Тәуелсіздік — елдің жарқын болашағы" тақырыбында өткен дөңгелек үстел ақпараты
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің
8 сынып оқушыларымен "Тәуелсіздік — елдің жарқын болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік жолында не бір «тар жол тайғақ кешулерден» өткенін, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздыңерлігін, өрлігін, білімділігін көрсету егеменді болуын паш ету.
- Тәуелсіз ұлан, ел сөзінің маңыздылығы жайлы ой қозғау.
- Қазақ халқын, ерлігін, даналығын бізге қасиеттерін ардақтап, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу патриоттық сезімдерін ояту.
Тәуелсіздік бұл — аманат. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлардан бері аңсаған арманына қиянат жасауға ешқандай құқығымыз жоқ. Оны ұрпақтан-ұрпаққа аялы қолда мәпелеп, мәртебесін асқақтату — біздің еншіміздегі жауапты іс. Қазіргі таңда еліміздің тұғырлы тәуелсіздігін таныту үшін барлық ерік-жігерімізді аямау қажет. Өйткені, біз жаспыз және біздің барлық жағдайымыз жасалған. Ойлаған ойыңды іске асыру үшін мүмкіндіктер аламаны толығымен қарастырылған. Сондықтан да, тәуелсіздік құсының мәңгілік тұрақтап қалуы сіз бен бізге байланысты. Әлем елдерімен керегесі кең, терезесі тең болу үшін қолдан келгенше аянбай еңбектенуіміз қажет. Егемен еліміздің елеулі болуы үшін, дәл қазіргі сәттен бастап әр қазақтың қара көз баласына «патриоттық» ұшқынды ұялатып, өз Отаныңды шексіз һәм шетсіз сүюді баулуға дағдыландырсақ, ең мықты ел болып шығатынымызға ешкім шүбә келтіре алмасы һақ!
"Тәуелсіздік — елдің жарқын болашағы" тақырыбында өткен ашық сынып сағат ақпараты
Мақсаты: Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем-дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің кезекші 2 сынып оқушыларымен "Тәуелсіздік — елдің жарқын болашағы" тақырыбында ашық сынып сағаты өтті.
Тұңғыш президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті. Міне, осынау тарихи күні қазақтың маңдайына Нұрсұлтандай ұлт перзентін жазды. Бүкілхалықтық сайлауда дауыс берушілердің 98,7 даусына ие болып бірауыздан ел Президенті атанды. Қазақстанның тағдырын өз қолына алған ұлт көшбасшысы дәл сол жылы 16 желтоқсанда бабаларымыздың арманына айналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге жариялау бақытына ие болды. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие.
"Жас Ұлан" ұйымы көшбасшылары мен белсенді мүшелері 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау тілектерін арнады.
С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі "Жас Ұлан" ұйымының көшбасшылары белсенді мүшелері 1 желтоқсан - Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтау тілектерін арнады.
Мақсаты: «1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;
Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен, ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілік керек еді. Нұрсұлтандай ұлдың бойынан сол қасиеттердің барлығы дерлік табыла білді. Халықты қашанда білікті басшы шыңға шығарады емес пе? Ал біліксіз басшы шыңырауға түсіреді. Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы аянбай еңбек еткен басшымыздың арқасы екенін бүгінде баршамызға аян. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. 1 желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс.
"Ауылым - алтын бесігім" атты іс-шара ақпараты
Күні: 22.11-01.12.2020
С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшелері "Ауылым алтын бесігім" атты ауылдың мақтан ететін жерлерін әлеуметтік желіге жариялады.
Мақсаты: Оқушылардың туған жер, ауыл туралы түсініктерін кеңейту. Туған ауыл тарихымен таныстыру. Туған жердің қадір – қасиетін ұғынуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін, сезімін қалыптастыру.
Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті.
Ауыл идеологиясы ұлт пен мемлекеттің идеологиясының мәйегі, күретамыры және өркендеу түбірі болып келді. Сонау кеңестік дәуірдегі және бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның саяси элита тарихына көз жүгіртсек, республиканың жоғары басшылық қызметкерлерінің 80 пайызы ауылда еңбек еткендер екен. Елбасымыздан бастап барлық басшылар тобының басым бөлігі ауылдан түлеп ұшқан. Бір сөзбен айтқанда, біздің саяси элитаның жарқын өкілдері ауылдан шыққандығы көп жағдайды аңғартатыны сөзсіз.
«Мен елімнің ұланымын!» тақырыбында өткен интеллектуалды ойын ақпараты
Күні: 30.11-02.12.2020
2-желтоқсан күні С.Қ Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 8 сынып оқушыларымен 1-желтоқсан - Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Мен-елімнің ұланымын» интеллектуалдық танымдық ойын өткізілді.
Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып,білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау болатын. Қатысқан оқушыларды «Қыран» және «Тұлпар» атауында екіге бөлініп, жас ерекшеліктеріне сай әр түрлі тапсырмалар орындады. Ойын соңында жиналған жұлдызшаларды санап, жеңімпаз топ анықталды. Ойынға қатысушы оқушыларға қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.
«Мен Мәңгілік ел перзентімін!» тақырыбында өткізілген мектепшілік сурет байқауының ақпараты
Күні: 08-10.12.2020
С.Қ Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде 2020 жылы желтоқсан айында мектепішілік «Менің елім – Қазақстан» тақырыбымен сурет байқауына 5-8 сыныптар арасында болып өтті. Бұл байқау осы тақырыппен сыныптан тыс уақытта өткізілді. 2-7 сыныптар арасынан өз қалауларымен 17 оқушы қатысты.
2 – 3 сыныптардан 9 – оқушы
4 – 7 сыныптардан 8 – оқушы
«Менің елім – Қазақстан» атты байқауға жоғарыда аталған сыныптардан оқушылар қатысып, сурет салуға деген талабының, бейімі барын байқатты. Осы байқауға көркемеңбек пәнінің мұғалімдері қазылық етті.
Әділ-қазылар бір ауыздан байқауда салған суреттерді сараптай отырып:
I - орын 2 «Г» сынып оқушысы Қайратбек Айсаулем,
II - орын Муса Айша 3 «Г» сынып оқушысы,
III - орынды Шайлообекова Сумая жүлделі орынға ие болды.
Байқаудың мақсаты: Тәуелсіздіктің 29 жылдығына байланысты Қазақстандық патриотизмді оқушылардың бойына сіңіру, өз еліне деген құрмет, туған жеріне сүйіспеншілікпен қарауды қалыптастыру. Отан сүйгіштік қабілеттерін дамыту болды.Сонымен қатар дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу болғандықтан қатысушылар өнерлерін барынша ашуға тырысты. Әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру керек екендігі айқындалды.
«Тәуелсіздік таңы» тақырыбында өткен мәнерлеп оку байқауының ақпараты
Күні: 07-10.12.2020
«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» күніне орай «Тәуелсіздік таңы» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында мәнерлеп оку байқауы өтті.
Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін сүюге, тарихын білуге, қастерлеуге үйрету, оқушылардың сөздік қорын, қиялын, мәнерлеп оқу дағдысын дамытып, өз ана тілін бойына сіңіру, шыншылдыққа үйрету.
Байқау онлайн түрінде 1-4 сыныптар арасында өтті. Мәнерлеп оқу байқауына қатысушылар арасында 4 «А» сынып оқушысы Әбдіқадір Нұрайлым I орынды және 4 «Е» сынып оқушысы Арипова Рузана иеленді, II орын 3 «А» сынып оқушысы Сағынтай Алинұр, III орын 1 «Б» сынып оқушысы Бейсенбек Әмина, IV орынды 2 «Ә» сынып оқушысы Мырзахан Інжу иеленді, барлық қатысушы оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
«Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік» тақырыбында өткен семинар ақпараты
«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» күніне орай «Еліміздің еркіндігі- Тәуелсіздік» тақырыбында 10-11 сыныптар арасында семинар өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
Оқыту нәтижесі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру болды.
«Тәуелсіз Ел-тірегім» тақырыбында өткен онлайн патриоттық әндер фестивалінің ақпараты
Күні: 05-10.12.2020
«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» күніне орай «Тәуелсіз Ел-тірегім» тақырыбында 9-10 сыныптар арасында онлайн патриоттық әндер фестивалі өтті.
Мақсаты: а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ.
Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер!
Көп ұлттардың бір кісідей мандай терін төккен жер!
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Сіздердің назарларыңызға мектеп оқушылары арасында өткен «Патриоттық әндер» байқауы.
Байқауға қатысқан оқушылар арасынан 6 «Ә сынып оқушысы Кеңесбек Адема I орынды, II орын 9 «Б» сынып оқушысы Батаев Даниял, III орын 3 «Г» сынып оқушысы Аблек Інжу марапатталды.
«Тәуелсіздік құрдастары» атты Тәуелсіздік құрдастарымен кездесудің ақпараты
Күні: 12-14.12.2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік құрдастары» атты Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету. Өз Отанына , туған жеріне деген сүйспеншілігін арттыру.Отанға деген патриоттық сезімі қалыптасқан азаматтардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
Көрнекілігі: «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік» слайд-шоу көрсетілді.
Онлайн кездесуге тәуелсіздік құрдастары Усербаев Алишер, Сиябекова Меруерт қатысты, олар Қазақстан Республикасы деп аталатын үлкен отбасы дербес шаңырағын көтеріп, уығын тіктеп, ұлтымыз ұлан-асыр той жасап жатқанда, еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған үйде шілдехана жасап,қазан көтеруге себепші болды.Олар атамекенімізде-ақ түйенің қарны жарылып, ақсарбас шалған уақытта, еліміздің әнұранын, елтаңбасын, мемлекеттік туын айқындап,күллі дүниеге қазақ елін паш еткен мезгілде бесікке бөленіп, анасының әлдиін тыңдады. Олар тілімізбен бірге қаз-қаз басты, сүрінсе, қайта тұрып алға ұмтылуды үйренді, азат елдің мектебінің табалдырығын аттап, білім қуды.
«Туелсіздік елімнің - ерлік жаны» атты «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиыны ақпараты
Күні: 14-15.12.2020
Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық,білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына,Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
2020 жылдың желтоқсан айының 14-15-і күндері, сағат 10:00 және 14:00-де 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай мектебімізде «Туелсіздік елімнің-ерлік жаны» атты «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиыны санитарлық талаптарға сай өткізілді. Жиынға саны 15-тен аспайтын оқушылар және ұстаздар қатысты. « Жас қыран» ұйымына 2 «Ә», 2 «В», 2 «Д», 2 «Б» сынып оқушыларынан 54 оқушы қабылданды. Салтанатты жиын санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Ұйымға қабылданатын оқушылар тақпақтарын, әндерін айтып, өлең жолдарын оқып, ант қабылдады. Галстук және төсбелгі тағу рәсімі құрметті қонақтарға беріліп, оқушыларға табысталды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кусемисова Лаззат Парымбековна жаңадан ұйымға қабылданған оқушыларды құттықтады.
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» тақырыбында өткен вебинар ақпараты
Мақсаты: Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев туралы, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы ой бөлісу. Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын әңгімелей отырып, пікір алмасу.
А) ұлттық тәрбие
Ә) саяси тәрбие
Б ) патриотизм туралы әңгімелеу
1. Ой шақыру стратегиясы. Ж.У.Туктибаева сөз сөйледі.
2. Ой қозғау стратегиясы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Т. Исаева:
Баяндамашы: М. Ж. Боранбаева сөз сөйледі.
Қазақстан мәдениеті туралы Р.Б.Джумадилова сөз алды:
Қазақстан Республикасының алғашқы және қазіргі президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек қана біздің ел ғана емес , әлем таныған саяси тұлға. Елбасының саясаты арқасында қазіргі кезде елімізде тыныштық пен татулық орнап отыр. Бүгінгі конференциямызда елбасы туралы жан-жақты танысатын боламыз. ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ! Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған істерін талдау үшін конференцияға қатысушыларға сөз береміз.
Вебинар осы мектептің 10 «Ә» сынып оқушысы Сейдәзім Әлібектің «Тәуелсіздікке арнау» өлеңімен аяқталды.