«Табиғатты аялайық» тақырыбында сурет байқауы бойынша іс-шараның ақпараты » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Табиғатты аялайық» тақырыбында сурет байқауы бойынша іс-шараның ақпараты
09
апрель
2021

«Табиғатты аялайық» тақырыбында сурет байқауы бойынша іс-шараның ақпараты

Күні: 07-09.10.2020
С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп оқушылары «Табиғатты аялайық» тақырыбында сурет салу байқауы бойынша өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараға 3-7 сынып оқушылары қатысты: Закир Дибо, Чкалов Сағи, Маханбет Райан, Мухамад Ялда, Мырзалы Али, Берденов Даурен.
Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.
Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.








"ECO-ALEM" үстел ойыны іс-шара ақпараты
Өткізілген уақыты: 06.11.2020
Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер күрделенген уақыт. Табиғатты қорғау барлығымыздың міндетіміз. Жасөспірімдерге табиғаттың қорғаудың маңызын түсіндіру мақсатында "ECO-ALEM" үстел ойыны №10 орта мектебі "Жас ұлан" ұйымы көшбасшыларымен бірге өткізілді.
Мақсаты: балалар мен жастар арасында экологиялық білімді, экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады.
Қазіргі таңда экология мәселелері, қоршаған ортаны қорғау әлемдік қоғамдастықта да, сондай-ақ Қазақстанда да жаһандық басымдылықтар ішінде алдыңғы орынға шығып отыр. Біз күн сайын естіп жүрген экология
жағдайының нашарлауы туралы жаңалықтар мен фактілер бізді ойлануға және төтенше шаралар пайдалануға мәжбүр етеді. Ортақ үйімізді сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан ғана күш салу жеткіліксіз. Бұл жерде ғаламшардағы әрбір тұрғын белсенді ат салысуы керек. Біздің күнделікті өмір салтымыз тікелей қоршаған орта жағдайына әсер етеді. Біз дүкендерден шетелдік тауарлар сатып алғанда, жанармай қозғалтқыштарын пайдаланған кезде, суды немесе жарықты
өшіруді ұмытып кеткенде, полиэтилен қапшықтарды пайдаланған кезде және қоқысты сұрыптамаған кезде-осы және басқа да көптеген әрекеттер нәтижесінде күн сайын атмосфераға көп мөлшердегі көмірқышқыл газы мен метан бөлінеді, бұл елеулі климаттық өзгерістерге әкеледі.
Ойынның тиімділігі тұлғаның дамыған экологиялық ойлауын да және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруында табиғатты сақтап қалуда белсенді азаматтық ұстанымында, жоғары экологиялық сауаттылық пен мәдениетте. Жыл сайын берілген ойын бойынша чемпионаттар өткізілетін болады, сондықтан Сіздің өзіңізді бүкіл елге танытуға
мүмкіндігіңіз бар! Ойын сізге экология мәселеріне саналы түрде қарауға көмектеседі деп үміттенеміз. Әрине, өзіміздің қоршаған ортаға әсерімізді толықтай тоқтату мүмкін емес. Аздан бастаңыз, көп рет қолданатын заттарды көбірек пайдаланыңыз, отандық өнімдерді сатып алыңыз және қажет емес заттарды басқалармен бөлісіңіз. Есте сақтаңыз, тіпті ең
қарапайым әрекеттердің өзі жаһандық өзгерістерге әкелуі мүмкін. Біргк біз өзіміздің ортай үйімізді таза және жайлы ете аламыз!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Elis
28 апреля 2021 23:14
Нашел интересную статью рекомендую ознакомиться тут