09
апрель
2021
"Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз" тақырыбында өткізілген іс-шара ақпараты
"Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз"
тақырыбында өткізілген іс-шара ақпараты
Күні: 24-26.10.2020
Қазақстан Республикасының Рәміздерін құрметтеу-әрбір азаматтың борышы, міндеті. С.Қ Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі оқушылары "Жас Ұлан" ұйымы мүшелері 8 «Б» сынып оқушысы Сейтбек Айсұлу, 6 «Б» Алиман Ая, 6 «Ә» Кеңесбек Адема "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз" тақырыбында өлеңдерін арнады.
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді нығайту. Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз шарықтап, Көк туымыз қалықтай берсін! Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой - пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.