06
сентябрь
2019
Ашық есік күні
С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде 2019 жылдың 06.09.күні ата-аналар үшін «Ашық есік» күні өтті
Мақсаты: ата-аналарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысымен жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға белсене араласуға тарту.
«Ашық есік» күніне 35-ке жуық ата-аналар келіп мектеп директоры Б.Бектұрғановпен өздерін мазалап жүрген сұрақтарын және ұсыныстарын ортаға салып ашық сөйлесті.
Ұл-қыздарының мектептегі өмірімен жақынырақ танысуға ата-аналармен бірге әжелер де қызығушылық танытып келген.
Ата-аналардың сұрақтары әр түрлі мәселелерге байланысты болды ол сұрақтардың бірі осы мөлтек ауданына жақын арада көшіп келген осыған байланысты баласы тегін тамаққа ілікпей қалған, Менің балам ыстық тамаққа ілігуі үшін құжаттарды өткізуіме бола ма?
-Ия ыстық тамаққа байланысты құжаттарыңызды мектептің әлеуметтік педагогына өткізіп хабарласып тұруыңыз керек делінді.
-Биылғы оқу жылында мемлекеттен берілген киімдердің сапасы қанағаттанарлық емес, соған байланысты берілген киімді өткізіп орнына басқа киім алуға болады ма? Деген сұрақтар түсті.
-Директор Оқушыларға берілген киім- мемлекеттің көп балалы және аз қамтылған отбасыларға беріп отырған жәрдемі, оған мектеп әкімшілігінің әлеуметтік көмектерге ешқандай қатысы жоқтығы аталып өтті.
- 7 сыныптағы ұлымның оқулығы түгел емес деп келді.
- Мектепте бала санының көптігіне байланысты 7-10 сыныптарға оқулық жетіспейді бірақ жақын арада басқа мектептерден кітап алмасып түгелдеп береміз деп жауап берілді.
Бір ата-ананы мазалаған сұрақ, баласы басқа мектептен ауысып келгендігін және сол мектеп формасымен жүруіне болама?
- Ия биылдыққа жүруге рұқсат келесі 2020-2021 оқу жылында біркелкі форма кезінде ауыстырасыз деді.
Келесі ата-ана сынып фондысын ашуға ұсыныс жасап келген
- Мектеп директоры ақша жинауға мүлдем тиым салынғанын айтып түсіндірді.
Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған оқушылар, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығады.
Сондықтан, сабаққа қатысқан ата-аналар, ұстаздар қауымының, сабақтарды жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қатты қызықтырғанын атап өтті.
- Білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеп, ата-бабаларымыздан қалған мол рухани ұлттық мұраны келешек ұрпақтың бойына дарыту –мектептегі ұстаздар қауымының басты міндеті деп қорытындылады мектеп директоры.