17
июнь
2020
Қамқоршылық кеңесі өтті
С. Нұрмағамбетов атындағы
№ 10 орта мектептің директоры
Бауржан Өмірзакұлы Бектургановтың сөзі
№ 10 орта мектептің директоры
Бауржан Өмірзакұлы Бектургановтың сөзі
С. Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектептің
2019-2020 оқу жылындағы атқарылған жылдық жұмысының есебі.
2019-2020 оқу жылындағы атқарылған жылдық жұмысының есебі.
Құрметті әріптестер мен ата-аналар!
С. Нұрмағамбетов атындағы № 10 орта мектебі 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беруге байланысты нормативті құжаттардың орындалуын негізге ала отырып, жылдық жұмыс жоспарының «Білім мазмұнын жаңарту контекстінде оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру» тақырыбында жұмысын жүргізді. Сабақтардың сапасын жаңа технологиялар талабына сай жүргізіп, білім сапасын арттыру және әлеуметтік жағдайын мүмкіндігінше жақсарту бойынша төмендегі жүргізілген жұмыстарды атап өтуге болады.
Мұғалімдердің сыныпты басқару құзыреттілігін жетілдіру арқылы барлық пәндердің берілу сапасын арттыру мен мемлекеттік стандарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың 2019-2020 оқу жылындағы білім сапасы 65,2 %. 2018-2019 оқу жылының көрсеткіштерімен салыстырғанда 2,7 % өскен. Жалпы оқушы саны 1724. (Оның ішінде бастауыш сынып - 810, орта буын – 807 және жоғарғы буын оқушылар саны-107). Үздік аттестатымен 11 сынып оқушысы Сеитбекова Дана бітірді.
Мұғалімдердің біліктілігін және шеберлігін көтеру арқылы мектепте оқу тәрбие үрдісін және әдістемелік жұмысты жетілдіруге, оқушылардың ББД-ның сапасын, тәрбиелеу деңгейін арттыру үшін педагогтармен жұмыстар жүргізілді. Мектепте жалпы 165 ұстаз жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары білім-157, арнаулы орта-8, ғылыми дәрежесімен-9 мұғалім бар. Біліктілік деңгейі 75% көрсеткішке ие болып отыр. Педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуының нәтижесінде, былтырғы 2018-2019 оқу жылымен салыстырғанда біліктілік деңгейі 15,1 % өсті. Бұл көрсеткіште: оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамыды, жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектептің педагогика- психологиялық кеңістігінде баланың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалы дамыды, оқушыларды бағалаудың жаңа критерийлері қолданылды, оқушылардың өзін-өзі басқару жұмыстары жетілдірілді, ата–аналар қоғамдастығымен жұмыстар белсенді түрде жүргізілді және т.б.
Оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы білім сапасын
арттыруға жағдай жасау үшін осы оқу жылында педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес инновациялық жобалар енгізілді. Олар, «Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны», «Кітап оқу клубы», «Ұрпақ тәрбиесі-ел мұраты» атты жобалары іске асырылды.
«Кітап оқу клубы» жобасын ерекше атап өтуге болады. Бұнда «Жазу мен оқуды сын тұрғысынан ойлау» технологиялық бағыты оқушылардың білімдік деңгейін, шығармашылығын арттыру мақсатында сабақтарына жүйелі түрде қолданды. «Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны» жобасында кәсіби қоғамдастықта бірнеше шығамашылық топтар құрылып, сындарлы оқыту теориясын оқу үдерісіне енгізілу жалғасын тапты.
Осы жобалар негізінде республика көлемінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Шаловтың тәжірибесін тарату мақсатында шеберлік сынып және ағылшын пәні мұғалімдерінің қалалық семинар-практикумы жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар информатика және орыс тілі пән мұғалімдері авторлық бағдарламамен жұмыстарын жүргізіп, іс тәжірибелерімен алмасты.
Сонымен бірге «Жас ғалым» ғылыми қоғамы оқушылардың ғылыми жұмыстармен жұмыс жасауына мақсат қойып, әр бағытта жұмыстарын жасады. Жалпы мектеп бойынша 20 оқушы ғылыми жобамен жұмыстарын жасап жатыр. Оның ішінде 5 оқушы қала көлемінде байқауларға қатысып, алғыс хаттармен марапатталды. Ал, дарынды оқушылармен бірқатар жұмыстар оң нәтижесін көрсетті. Жалпы дарынды оқушылардың саны-300. Оның ішінде мектепішілік олимпиадалардан-115, қалалық-24, облыстық-13, республикалық-70, халықаралық-78 оқушы қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі № 198 бұйрығындағы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мектеп тарапынан «Отбасы жән мектеп» жобасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар бойынша іс-шаралар жүргізілді.
2018-2019 оқу жылында 219 оқушы ақысыз ыстық тамақпен қамтамасыздандырылды. Бұдан басқа осы категорияға жататын бірақ, қажетті құжаттарын жинақтай алмаған ата-аналарға 2019-2020 оқу жылының басында мемлекеттік органдар мен ювеналды әділеттің өкілдерін шақырып, ата-аналарға құжаттарды жинақтау барысы туралы түсіндірме жиналысы ұйымдастырылды. Ата-аналарға түсіндірме жұмыстардың нәтижесінде 2019-2020 оқу жылында 519-ға дейін ата-аналары құжаттарын тапсырып, балалары ақысыз ыстық тамақпен қамтамасыздандырылды. Бір оқушыға бір күндік тамағы ас мәзіріне сәйкес 450 тг. көлемінде тамақтанады.
Сонымен бірге, 2019 жылдың тамыз айында жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген 199 дана ұлдар бас киімі, сөмкесі, мектеп формасы, ақ жейде, аяқ киімі,сырт киімі, 252 дана қыздар сырт киімі, мектеп формасы,бас киімі, ақ жейде,сөмкесі, аяқ киімі және әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға жазғы демалысына қаражат бөлінді. Бірақ, пандемияға байланысты жазғы демалыстарына рұқсат берілмеді.
Жалпы әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету үшін қаражат есебінен 5 есеге өскен.
№ 10 орта мектебі «Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МКҚ-сімен стационарлы стоматологиялық кабинетінде балаларға стоматологиялық қызмет көрсетуге арналған 2020 жылы 4 қаңтарда №1 келісім-шартқа отырған. Келісім-шартқа сәйкес, 2019-2020 оқу жылында мектептің стоматолгтары мектеппен бірлесіп жұмыс жасамаған үшін, оқушылардың денсаулығына байланысты мектеп әкімшілігі сараптамалық жұмыс есебін жасай алмады. Қазіргі кезде оқушылардың денсаулығы туралы жалпы ақпарат жоқ. Осындай кемшіліктер негізінде мектеп әкімшілігі «Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МКҚ-сіне хат жолдадық. Бірақ, бұл емханадан хатымызға жауап ала алмадық. Осындай кемшіліктер нәтижесінде мектеп әкімшілігі 2020-2021 оқу жылында келісім-шартты қайта қарастыру туралы ұсыныс білдірді.
Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету кабинетінің қызметкерлері мен мектеп әкімшілігімен жұмысын толық жоспарға сәйкес жүргізе алмады. Оқушылардың денсаулығымен жұмыс жүргізгендігі туралы толық ақпарат ала алмадық. Мектеп әкімшілігі келесі жаңа оқу жылында келісім-шартты қайта қарастыруды шешті.
Мектеп оқушыларының денсаулығының дұрыс қалыптасуы бойынша мониторинг жүргізілді. Мониторингтің нәтижесіне сәйкес 328 оқушының салмағы мен 315 оқушының бойы өз жасына сәйкес емес болып шықты. Осыған байланысты, мектеп әкімшілігі «Комбинат школьно-студентческого питания» ЖШС-імен дәрумендер мен белоктарға бай асхананың мәзіріне өзгерістер енгізіп, оқушылардың дұрыс тамақтану тәртібін реттеді. Әлеуметтік жағыдайы төмен оқушылардың ас мәзірі реттелгеннен кейін ата-аналар қанағаттанды.
Елімізде 2020 жылдың наурыз айынан бастап пандмияға байланысты карантин шаралары күшейтілді. Осы аталған әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер тарапынан 700 000 теңге көлемінде азық-түлікпен көмек көрсетті.
2020 жылы мектептің материалдық-техникалық базасына 26 034 225 теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде: оқушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау үшін автобусқа – 14 000 425 теңге, әжетханаларға күрделі жөндеу жүргізуге 9 000 800 теңге, компьютерлермен қамтамасыз етуіне 1 933 000 теңге, оқу кабинеттерін жабдықтауға 650 000 мың теңге, мектеп ғимаратына ағымдық жөндеуге 450 000 теңге қаражат бөлінді.
Материалдық-техникалық базаның жағдайында жалпы- 49 оқу кабинеті, «Рухани жаңғыру кабинеті», «Интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттер», «Мұражай», «Мультимедиа кабинеті», «Спорт зал», «Жаңа модификациялы кабинет», «Графопроектормен жабдықталған кабинет», «Мәжіліс залы», «Асхана», «Кітапхана» «Медициналық кабинеттерімен» қамтамасыздандырылған.
Мектепте жаңа модификациялы химия кабинетінің ауданы 70,2 м2. Химия кабинеті 2018 жылы жабдықталған. Кабинетте компьютер, интерактивті тақта, демонстрациялық үстел, 15 оқушы партасы және 30 оқушы орындығы бар. Химия зертханасының ауданы 14,2 м2. Реактивтердің сақталуы талапқа сай.
Қорытындылай келе мектебіміздің контингенті тұрақты қалыптасқан. Мектебіміз мектеп режимінде жұмыс істей отырып, мектеп жасындағы балаларды жаппай біліммен камтып, әлеуметтік сұранысты қанағаттандырады. Оқу-тәрбие үрдісінде субьект-субьектілік білім беру парадигмасына негізделген психологиялық жұмысты ұйымдастыру арқылы, оқушының ішкі мотивациясы, ішкі белсенділігін зерделеу, сараптау арқылы білімнің жеке тұлғалық болуын және олардың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді, біздің зерттеулеріміз бойынша танымдық белсенділік пен оқу үлгерімінің жүйелі түрде өсіп отырғаны байқалады.