Доспамбет жырау » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2021

Доспамбет жырау

Доспамбет жырау (XVI ғасыр)
Қазақ халқының өз атымен өмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, осы кезден басталатын қазақтың төл әдебиетіне өзіндік үлес қосқан, сол замандағы әлеуметтік іс-шаралардың бел ортасында болып, ерлігімен де, өрлігімен де, хас батырлығымен де, өр рухты жырларымен де ел құрметіне бөленген көрнектіақын, жыраудың бірі – Доспамбет жырау.
Доспамбет – тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни XVI ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған Азаулы ноғайлыларының басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыры.
Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана – бар-жоғы 160 жолдың көлемінде. Осы жыр үзінділерінің өзіне қарап оның шығармаларының тікелей жорық үстінде, ұрыс майданында туғанына көзіміз жетеді. Себебі, оның қазір қолда бар шағын толғауларында жырау өмірімен қоштасар алдындағы адам кейпінде өткен дәуренінің мән-мағынасы туралы тебіреніп ой қозғайды.
Жыраудың дүние шарттарын тізбелей келе, түгендей келе жан-дүниесімен болып тоқтам табар сәті – жауынгер мұратын көлденең тастайтын шағы.
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!…
Доспамбет жырларында жаугершілік заман түрі, соғыс сәті, адырна, садақ, алдаспан қылыш артар жүк, жорық мұраты, жауынгердің жан арманы түскен сөздер керемет сиқыр: от боп өртеніп, мұз боп құрсанып, ақ түтек боп бұрқанып жатыр. Жауынгердің жорық мұратын, жортуыл сәтін бізге мынадай керемет поэзия жеткізеді. Оқисың да рас па, жоқ па?! Сиқыр ма, шын ба?! Күйге батасың.
Сере, сере, сере қар,
Асты кілең, үсті мұз,
Күн-түн қатсам жібімес,
Мен көлікке қосымды артқанмын,
Кембідей ару жаларға
Күреңдей мұзды тоңдырып,
Кірмембес ауыр қолға бас болып,
Күңіреніп күн түбіне жортқанмын…
… Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұшпан жалдап жүргей ме,
Қатарласып, қараланып,
Қайран ер қарт күреңге мінгей ме?
Қабырғадан қараған
Достым менен дұшпаным:
“Апырым, ер Доспамбет дегей ме! …”
Доспамбет үшін Азаулыдан артық жер жоқ. Оның біраз жыры жыраудың көз жұмар шағын, жарақат алып жатқан сәтін жеткізеді.
Жаралы жауынгер – жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштен ақтарылып шыққан зарлы мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр – аманаты елес береді. Солай болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық-ақынның туған жеріне, еліне деген ыстық махаббаты, ынта сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан қорғау – жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады.
Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның жырларында ел үшін, жер үшін шайқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезіндегі қайсар қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы қайнар бастаулары.
Доспамбет жырау поэзиясының көркемдік қағидаларын, асау мінезін арғымақтай ауыздықтап, еркін билеп-төстейді. Дәстүрлі үлгілерді түлете, түрлендіре түседі. Қамшының өріміндей өлең жасайды. Сере-сере, сере қар, тоғай, тоғай су, Айналайын Ақ Жайық, арғымаққа оқ тиді…
Доспамбет поэзиясына тән үлкен бір ерекшелік – оның өлең-толғауларындағы айтылған ой қазақ мақал-мәтелдерімен астасып, ішкі мағынасы жағынан болсын, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру өзгешеліктері жағынан болсын үндесіп, қоғамдық құбылыс жөнінде нақтылы сөз өрнегімен беріледі.
Арғымаққа оқ тиді
Қыл мықынның түбінен,
Аймадетке оқ тиді
Отыз екі омыртқаның буынынан…..
Доспамбет жырларындағы үзілмей үдей түсіп жатқан бір сарын – жауды жеңіп, бейбіт күнге жетсем деген арман. Бұл – Ақтамбердінің Махамбеттің ұлы арманы бастау алған арна. Тұтас халықтың бостандық рухы.
Ат ойнатып азаттықты қорғаған қайран батыр жарақаттан, жорық үстінде көз жұмды. Пенделік ғұмыр таусылып, қарға адым жер мұң болып жатқанда да батыр өз биігінен түспейді. Төзімін төсеп, төніп тұрған қаза қасіретін жақынға деген жан жылауымен жабады.
Озушылар озмаңыз,
Озсаңыз біздім бетке бармаңыз!
Біздім бетке бармаңыз,
Есақай, Қосақай екі ұл
Алдыңызға жыр құшақтай,
Жылай шықса не айтарсы?!
Оларға айтарыңыз сол болсын,
Жәмшіден қос айтып,
Келе жатыр дегейсіз!
Ол айтқанға тимесе,
Бұрынғылар түскен жүрі жол
Бұрылып соған түсті дегейсің!
Доспамбет шығармалары аздығына қарамастан ғұмырлы, қашанда мәңгілік. Оның толғаулары өзінінің мән-маңызы, ішкі толғанысы жағынан алып діңгектер сияқты үлкен әлеуметтік жүк арқалап тұр. Жырау жырлары тарихтың талай аласапыран оқиғаларының арасында адасып, жоғалып кетпей, бізге келіп жетті де, рухани бастаулардың қуатты көзі бола отырып, шығармашылығы мен күрескерлігі өзімен үндес XVIII ғасырдағы әдебиеттің ірі өкілі Ақтамберді мен XIX ғасырдағы өршіл рухты азамат ақын Махамбет поэзиясына және одан кейінгі бүкіл әдебиет дамуына игі әсерін тигізді.

Похожие публикации:

19 январь 2021 Халық ауыз
19 январь 2021 Қазтуған жырау
19 январь 2021 Ақтамберді жырау
19 январь 2021 Мұрат Мөңкеұлы
19 январь 2021 Жамбыл Жабаев
Прокомментировать
• bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Metscx
10 августа 2024 21:00
lasuna usa - buy lasuna for sale himcolin order
Rrqsrr
19 августа 2024 15:18
besifloxacin ca - order sildamax pill sildamax medication
Blguyr
24 августа 2024 09:11
order probenecid 500 mg generic - carbamazepine usa order carbamazepine without prescription
Xqciyb
24 августа 2024 11:37
buy gabapentin 800mg generic - buy azulfidine pills azulfidine over the counter
Wyzghh
6 сентября 2024 11:21
diclofenac 50mg price - cheap voltaren 50mg aspirin online
Roiuzx
6 сентября 2024 12:51
order rumalaya generic - elavil 50mg pills cheap amitriptyline 50mg
Wwkodg
12 сентября 2024 19:38
pyridostigmine 60 mg tablet - buy mestinon without a prescription buy imuran 50mg without prescription
Uqtrca
13 сентября 2024 09:37
diclofenac generic - buy imdur online how to get nimodipine without a prescription
Ulqvsu
13 января 2025 06:49
order absorica online - buy dexona pills for sale zyvox over the counter
Jpynfn
13 января 2025 19:25
cheap amoxil - buy amoxicillin generic combivent 100mcg uk
Vgjtve
29 января 2025 14:22
purchase prednisolone generic - buy generic azipro 250mg progesterone price
Itpnjh
4 апреля 2025 14:28
zovirax tablet - buy zyloprim 100mg online cheap order generic crestor 10mg