Халық ауыз » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2021

Халық ауыз

Халық ауыз әдебиетінің теориясы
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған.
Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған коллектив болып творчестволық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің, коллективтің әдебиетіне айналып кеткен.
Орыс халқының ұлы сыншысы В.Г. Белинский «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп, ауыз әдебиеті халықтың ерте замандағы ой-санасының жемісі деп көрсетеді. «Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес», — деп Белинский ауыз әдебиетінің тым ерте кезде, халықтың жазу- сызу өнері болмаған заманда, туғандығын дәлелдейді. Бұл расында да солай. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз әдебиеті болмаған, бірден жазба әдебиетін жасаған халық бұрын-соңды тарихта болған емес.
Әдебиеттік жағынан алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, мақал-мәтелдер, аңыз, ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері т.б. қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрі болып табылады. Әрине, ауыз әдебиетінің барлық түрі бір мезгілде туған емес және олардың тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес, әркелкі. Бірақ бұл мәселе, яғни қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде қандай түрі туғандығы, ғылымда әлі күнге дейін дәлелденбей келеді.
Бірақ та ауыз әдебиеті тарихи оқиғаларды өз қалпында, шындық түрінде жырлай бермейді. Тарихи фактілерді негізге ала отырып, оны ақындық қиял арқылы құбылтып жырлайды, суреттеп көрсетеді, кейде асырып, кейде өзгертіп елестетеді; ауыз әдебиеті тарихи оқиғаларды сурет арқылы бейнелейді. Олай болса ауыз әдебиетін тарихтың өзі, соның документі деуге болмайды.
Ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланыса отырып, оны жан-жақты суреттейді, әр түрлі бейнелеу арқылы елестетеді. Әрине бұдан ауыз әдебиеті бірден дамыған деген ұғым тумайды. Оның кейбір үлгілері ескі дәуірде, рушылдық қоғамда туған; бертін келе қоғамдық, экономикалық жағдайлардың, адам баласының дүние танудағы ой-өрісінің ұлғайып өсуіне қарай ауыз әдебиеті де дамып отырған. Демек, халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік көзқарасы т.б. ауыз әдебиетінің тууына және қалыптасып дамуына әсер еткен, мазмұн берген.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтар – варианттар. Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің атттары ұқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Бір ертегінің немесе бір жырдың әңгімесі жалпы оқиға желісін сақтай отырып, әр жерде әр түрлі айтылады. Бұлай болу сол шығармаларды айтушыға байланысты. Көркем әдебиетке қарағанда, ауыз әдебиетінде қалыптасып дәстүрге айналған дағдылы сөздер мен сөйлемдер, тұрақталған ұқсастық, ұқсастар жиі қолданылады. Мысалы, ертегілердің көпшілігі «Ертек, ертек ерте екен, ешкі жүні бөрте екен…» деп, немесе «баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» деп, болмаса «бұрынғы өткен заманда» деп басталады.
А. Пушкин бірнеше ертегі, поэмалардың сюжетін халық ауыз әдебиетінен алған,
М. Салтыков- Щедрин кейбір ертектерін халық ертегілері үлгілерінде жазып, қоғамдық мәселелерді, патша әкімдерін, чиновниктерді мысқылдап сынаған. Мұндай фактілерді қазақ совет әдебиетінен де кездестіреміз. Қазақ жазба әдебиетінің шеберлері де ауыз әдебиетінен халықтың тіл байлығын үйренумен келеді. Сонымен бірге, олар ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерін, сюжеттерін пайдалана отырып, сол негізде жаңа шығармалар тудырады . Бұл ретте Мұхтардың «Қобыланды батыр» және «Еңлік – Кебек» пьесаларын, Ғабиттің «Қыз Жібегі» мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Сәбиттің «Сұлушашын» т.б. атауға болады.
Әрине, ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығын халық тудырған және оның бәрін халықтық шығармалар деуге болмайды. Олардың ішінде үстемдік еткен қанаушы тап тудырған шығармалар да бар. Сол шығармалары арқылы қанаушы тап өзінің таптық идеясын, халыққа жат іс-әрекетін, көзқарасын білдіріп отырған.

Похожие публикации:

19 январь 2021 Дулат Бабатайұлы
19 январь 2021 Жансүгіров Ілияс
20 декабрь 2020 Шоқан Уалиханов
20 декабрь 2020 Спандияр Көбеев
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив