Спандияр Көбеев » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2020

Спандияр Көбеев

Спандияр Көбеев (1878-1956) - Абай, Ыбырай салған ағартушы-демократтық үлгідегі педагог- жазушы Спандияр Көбеев 1878 жылы 1қазанда қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туған. Ол 1887 жылы Ыбырай Алтынсариннің өзінің көмегімен ұлы ұстаз ашқан мектепке түсіп, оны 1892 жылы бітіреді. Бұдан соң Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық мектепте, Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды.
Ұстазы Ы. Алтынсариннің қазасынан кейін оның қызмет жолын жалғастыруды арман етіп, Қостанайдағы екі жылдық курсқа түсіп, бастауыш класс мұғалімі болып шығады. С.Көбеев балаларды Ыбырай әдісімен оқытады, ғылым негіздерін үйретеді. Мұғалімдік қызметінің алғашқы жылдарында И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сабақтарында пайдаланады. Ақыры көбейіп, өңделген шығармалары 1910 жылы Уфа қаласында "Үлгілі тәржіма" деген атпен басылып шығады.
Ұстазы Ы.Алтынсариннің ізімен балаларға арналған оқу құралын жазуды қолға алған С.Кебеев 1912 жылы Қазан қаласында "Үлгілі бала" кітабын бастырады. Бастауыш сынып балаларына арналған бұл оқулықта ол өзінің төл шығармаларын, орыс классиктерінің балаларға арналған әдебиет үлгілерін, қазақтың ауыз әдебиеті түрлерін, орыс мысалшыларының еңбектерін кіргізді. Надандыққа, ескішіл, сорақы салтпен күресу мақсатында ағартушыға көмекші құралдардың бірі - көркем әдебиет деп берік шешімге келген С.Көбеев "Қалың мал" романын жазады.
1939 жылы ол оқу-ағарту саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды. 1944 жылы "Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мүғалім" атағы берілді. 1949 жылы екінші рет "Ленин" орденін кеудесіне тақты. Көрнекті қоғам қайраткері өзінің халық ағарту қызметіне арнаған өмірін "Орындалған арман" өмірбаяндық кітабында өрнектеді. Ол 1956 жылы 78 жасында қайтыс болды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив