Сәкен Жүнісов » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2020

Сәкен Жүнісов

Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, еңбек жолын "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында әдеби қызметкер болып бастады. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қорында Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды.
Сәкен Жүнісов бірыңғай жазушылықпен айналысқан. Жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. "Ақан сері" дилогиясы, "Жапандағы жалғыз үй", "Заманай мен Аманай" романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. "Ажар мен ажал", "Тұтқындар", "Қызым, саған айтам", "Жаралы гүлдер", "Қос анар" тағы басқа пьесалары Республика театрларында қойылды. "Өліара" пьесасына 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Балаларға арналған "Сонарда" деп аталатын алғашқы кітапшасы 1959 жылы шықты. Бұдан соң, 1961 жылы жас жеткіншектер үшін "Әжем мен емші және дәрігер", 1962 жылы "Кімнің мекені жақсы?", 1983 жылы "Сақау бәтеңке" сияқты т.б. кітаптары жарық көрді. "Өшпейтін іздер" повесін, 1965 жылы "Жапандағы жалғыз үй" романын жазып, орыс тіліне 1968 жылы аударылған. "Ақан сері" дилогиясының бірінші кітабы 1971 жылы жарық көрсе, 1977 жылы екінші кітабы оқырмандарына жол тартты, ал 1979 жылы орыс тіліне аударылды. 1987 жылы "Заманай мен Аманай" повесін жазды.
Көптеген шығармалары шет тілдерге аударылған. Л.Н.Толстойдың, С.Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, О.Т.Гончардың "Перекоп", "Көкадыр" романдарын қазақ тіліне аударған.
Сәкен Жүнісов прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңдерін бейнелеген сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі секілді сыр шертеді. Ол – ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың сері азаматы, қадірменді ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына айналып отыр. Ол әдебиет пен өнер шеберлерінің ішіндегі аса дарындыларының бірі екені сөзсіз.
Кезінде белгілі жазушы Рамазан Тоқтаров Сәкен серінің 60-жылдық тойында шымыр да ширақ, олпы-солпысыз жинақы, ең бастысы ірі қаламгер қақында қапысыз қамтылған шүбәсіз шынайы адал сөзін арнай келе, Сәкен Жүнісов туралы ойын былай қорытындылаған екен: «Жазушы халық арасында жүргенде, ол дүние алақанында, ал, жазу столында отырып өзімен-өзі жапа-жалғыз қалғанда, дүние – оның алақанында» .
Қытайға ауған қаймана қазақ жұртының жетім жыртыстай жыртылып кеткен қаралы тобының тағдыр-талайын көшке ілесіп кеткен қаламгерлердің жазғанын жақсы білеміз. Ал ата-жұртта отырып, осы тақырыпқа арналған "Заманай мен Аманай" тәрізді классикалық туындыны берген қаламгерді көрген де, естіген де емеспіз. Бұл да Сәкен Жүнісовтің ғана қолынан келген сүйсіндірер сәттілік болды.

Похожие публикации:

20 декабрь 2020 Төлен Әбдік
20 декабрь 2020 Дулат Исабеков
20 декабрь 2020 Ғабит Мүсірепов
Прокомментировать
• bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Jcfbsa
11 августа 2024 14:25
lasuna over the counter - himcolin buy online purchase himcolin without prescription
Ioames
17 августа 2024 21:20
buy generic besivance - purchase besivance online purchase sildamax
Hehnrx
22 августа 2024 20:33
buy generic probalan - buy probalan sale tegretol oral
Svfjeg
4 сентября 2024 09:40
order rumalaya generic - cheap shallaki generic buy elavil without prescription
Uuymrr
11 сентября 2024 09:25
buy voveran tablets - buy nimotop tablets buy nimotop medication
Jiaaiq
30 января 2025 21:58
order generic omnacortil - generic omnacortil progesterone without prescription
Wwjfrm
5 апреля 2025 03:22
generic acyclovir - acyclovir 400mg cheap generic rosuvastatin 10mg
Fbqdiw
7 апреля 2025 09:13
motilium without prescription - cost sumycin 250mg purchase flexeril online cheap