Дулат Исабеков » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2020

Дулат Исабеков

Дулат Исабеков (20.12.1942 ж., "Ленин жолы" ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992).
Өмірбаяны
Дулат Исабеков 1942 жылдың желтоқсанның 20-сы күні Арыс ауданының "Ленин жолы" ауылында тұлғаның. Шыққан руы қоңырат.
Мектепті бітірген соң Ташкенттегі институтқа екі рет тапсырып, түсе алмаған.
1966 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген;
1967—68 ж. - Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор;
1968-70 ж. - Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор;
1971—76 ж. - "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі;
1976—80 ж. - "Жалын" баспасында редакция меңгерушісі;
1980-88 ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы;
1988— 97 - жылы Қазақ теледидарының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы;
1997 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры.
Шығармашылығы
Алғашқы әңгімесі "Жолда", "Замандастар" атты жинақта 1963 жылы жарияланды. "Бекет" (1966), "Ащы бал" (1969), "Мазасыз күндер" (1970), "Қара шаңырақ" (1973), "Тіршілік" (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қарғын" (1980) романы басылды.
Тандаулы повестері "Екі жиырма" (1983) деген атпен жарық көрді. Бір-қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Полынь" (1978), "Отчий дом" (1979), "Смятение" (1986), "Новоселье в старом доме" (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. Исабектің "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977), "Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл" (1986), т.б. пьесалары республика, облысы театр сахналарында қойылды. Тандаулы пьесалары "Жеті желкен" 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойын¬ша "Гауһар тас" (режиссер Ш.Бейсембаев, 1975), "Дермене" (режиссер Асанәлі Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. "Мұрагерлер" пьесасы үшін оған Қазақстан Жазушылар одағында Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілген (1985)


Отбасы

Жары - Нұрғайша, филолог
Балалары:
Үлкен ұлы - Естияр, заңгер
Егіз қыздары - Айман, оқытушы және Шолпан, фармацевт
Екі немересі бар

Марапаттары

ҚЖО Мұхтар Әуезов атындағы сыйлық лауреаты
ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты
Халықаралық ПЕН клуб сыйлығы лауреаты
Платиналы "Тарлан" сыйлығы лауреаты

Похожие публикации:

20 декабрь 2020 Төлен Әбдік
20 декабрь 2020 Сәкен Жүнісов
20 декабрь 2020 Қадыр Мырза Әлі
20 декабрь 2020 Қабдеш Жұмаділов
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив