Қадыр Мырза Әлі » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2020

Қадыр Мырза Әлі

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.

Өмірбаяны
Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан.
1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған.
«Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары
1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі
«Балауса» баспасының редакторы
Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

Шығармашылық жолы

Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.
Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.
Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріе аударылды.
Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), Әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бұрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.
Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.
2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.

Кітаптары
«Жаңғалақтар» (1960);
«Кішкене қожанасырлар» (1961);
«Данышпан» (1961);
«Ноян-қоян» (1962);
«Алуан палуан» (1963);
«Сабақ» (1964).
Жыр жинақтары
«Ой орманы» (1965);
«Дала дидары» (1966);
«Ақ отау» (1968);
«Домбыра» (1971);
«Көш» (1973);
«Жерұйық» (1976);
«Алақан» (1977);
«Қорамсақ» (1980, 1981);
«Қызыл кітап» (1983);
«Күміс қоңырау» (1970 — 1985);
«Мәңгі майдан» (1993);
«Биік баспалдақ» (1993);
«Үкілі үзінділер» (1996);
«Алаштың арманы» (2001);
«Жазмыш» (2001);
«Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001);
«Иірім» (2004);
«Шырғалаң» (2004);
«Алмас жерде қалмас» (2004).
Марапаттары
«Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы (1966).
«Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (1980).
Әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығы (1993)
Қазақстанның халық жазушысы (1995).
Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы (2001).
Достық ордені
Парасат ордені

Похожие публикации:

20 декабрь 2020 Төлен Әбдік
20 декабрь 2020 Сәкен Жүнісов
20 декабрь 2020 Дулат Исабеков
Прокомментировать
• bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Vvibtp
13 августа 2024 11:14
cheap lasuna online - diarex order order himcolin generic
Lnvtzr
22 августа 2024 21:49
buy probenecid 500mg sale - etodolac without prescription tegretol 400mg ca
Vvddpx
24 августа 2024 00:40
cheap gabapentin pills - nurofen without prescription buy cheap azulfidine
Vlydyp
4 сентября 2024 11:25
cheap rumalaya - order amitriptyline 10mg sale amitriptyline tablet
Cvpmsx
5 сентября 2024 20:06
buy cambia - aspirin usa aspirin 75mg for sale
Grcxpr
11 сентября 2024 11:10
purchase diclofenac online - buy isosorbide pill buy nimotop medication
Jnfapg
19 января 2025 19:00
brand accutane - absorica medication linezolid 600 mg brand
Advyys
20 января 2025 10:37
amoxicillin buy online - generic diovan ipratropium usa
Yfqvci
6 апреля 2025 22:42
zovirax 400mg over the counter - purchase allopurinol sale rosuvastatin 20mg pill