20
декабрь
2020
Сұлтанмахмұт.Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 – 1920) – Абайдан кейінгі ірі тұлға. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тақырып ауқымының кеңейіп, идеялық тұрғысының биіктеп, көркемдік жоғарлауына ерекше үлес қосқан ақын, ағартушы-демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Баянауыл ауданы Павлодар облысында туған. Әкесі Шоқпыт (Әбубәкір) кедей шаруа болған. Торайғыров әкесінен алғаш азкем сауатын ашып, 13 жасында молдадан оқиды. Сол кезде өлең жаза бастайды. 1911 жылы Троицкіден жаңаша білім алып келген Нұрғалимен кездесу Торайғыровтың өміріне айтарлықтай өзгеріс әкелді.
Ол халқын оқуға, білімге үндеген ағартушы. Адамдық табиғаты жағынан алғанда күрескер, дүниеге көзқарасы жағынан алғанда, гуманист, демократ, философия, әдебиет тұрғысынан алғанда сыншыл, реалист жазушы. Торайғыров қазақ поэзиясындағы дәстүрлі философиялық бағытты дамытқан жаңашыл адам.
1912 жылы ақындыққа ден қойған. 1912-1913 жылдары «Оқып жүрген жастарға», «Талаптарға», «Оқудағы мақсат не», Анау-мынау», «Жарлау», «Досыма хат» т.б. өлеңдер жазады.
1913-14 жылдардың қысында «Айқапта» хатшылық қызмет істеп, жазғандарының бірқатарын журналға жариялады. Шығармаларының аздап болса да баспасөз бетін көруі, жұртшылыққа ақын ретінде біраз танылуы Торайғыровтың ақындыққа сенімін арттырып, болашақ өмірін сол жолға бағыттай түседі.
С.Торайғыров лирикалық кейіпкер арқылы халықтың жаңа қоғамдағы арман-тілегін, адамгершілік мұраттарын шебер бейнеледі. Поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Оның поэмалары дәстүрлі дастандар мен қисса-хиқаядан, өлең-жырлардан мүлдем өзгеше. «Адасқан өмір» поэмасы-ақын шығармашылығының үлкен табысы болды.
Жазушы проза жанрында да шығармашылықпен еңбек етті. «Қамар сұлу» романында қазақ әйелдерінің аянышты тағдырын суреттей отырып, қоғамдық өмір шындығын тереңдей ашады. «Кім жазықты?» - қазақ әдебиетінде өлеңмен жазылған тұңғыш роман.
.Торайғыров әңгіме, очерк жанрында да қалам тербеді. Өзіне дейінгі әдебиеттің халықтық, озық қасиеттерін жаңа кезеңде одан әрі дамытып, тың көркемдік ойлармен, идеялармен байытты.
С.Торайғыров аз жасаса да, артына қазақ сөз өнерін жаңа белеске көтерген, қоғами мәнді, әдеби кемел туындылар қалдырды. Ол қазақ әдеби сынының негізін салушылардың бірі. Озат идеялы, озық сапалы шығармалар туғызған Сұлтанмахмұт мұрасы жаңа дәуірге дейінгі қазақ әдебиетінің ұзақ жолын лайықты қорытындылайтын үздік үлгі.
Бүгінде ауданның бір шаруашылығы, орта мектеп, аудан орталығындағы Мәдениет үйі ақын есімімен аталған. Ақынға арналған мұражай игілікті істер атқаруда. Палодар мемлекеттік университетінің, үлкен бір көшенің, кітапхананың ақын атын иемденуі, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы бір орта мектептің Сұлтанмахмұт атымен аталуы - үлкен мерей. 2003 жылдың 11 маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдыңдағы аланда қоладан бюст-ескерткіші орнатылды.