Kітапхана » Страница 6 » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ыбырай Алтынсарин
19
январь
2021
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім
Абай Құнанбаев
19
январь
2021
Абай Құнанбаев
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды.
Тұманбай Молдағалиев
20
декабрь
2020
Тұманбай Молдағалиев
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. 1956–1959 жж. «Пионер» журналында әдеби қызметкер, 1959–1971 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор болған. 1971—1973 жж. «Балдырған» журналында жауапты хатшы, 1973–1984 жж. «Жалын» альманахының бас редакторы
Төлен  Әбдік
20
декабрь
2020
Төлен Әбдік
Төлен Әбдік (1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында туған) — қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004). Төлен Әбдікұлы 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті)нің филология факултетін бітірген.
Төлеген Айбергенов
20
декабрь
2020
Төлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов осыдан 80 жыл бұрын 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында дүниеге келген. Әкесі Айберген – сөзге шебер, негізінде ел басқарған, ауыл-аймағына сыйлы, қадірменді адам болған. Ол ауызша есепке жүйрік, ақылды, зерек ақсақал атанған. Әсіресе ауа райының қай кезде өзгеріп кететін, егінді қай кезде жиып алуға болатынын дәл есептеп айтқан екен. Анасы Жібек те халық ауыз әдебиетін терең білетін, өз қатар-құрбыларынан жарқын жүзділігі, мейірімділігімен, ерекшеленіпті
Сәкен Жүнісов
20
декабрь
2020
Сәкен Жүнісов
Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, еңбек жолын "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында әдеби қызметкер болып бастады. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қорында Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды. Сәкен Жүнісов бірыңғай
Сәбит Мұқанов
20
декабрь
2020
Сәбит Мұқанов
Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Керей тайпасының сибан шимойын руынан шыққан. Жоқшылық зардабынан Сәбит
Оралхан Бөкей
20
декабрь
2020
Оралхан Бөкей
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. 1968 жылдан бастап Алматы қаласына қоныс аударған. Оралхан Бөкей – жазушы, драматург. 1969 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1965-1968 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын (Большенарым) ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар»
Мұхтар  Мағауин
20
декабрь
2020
Мұхтар Мағауин
Мұхтар Мағауин (2.02.1940, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы. 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. Қазақ әдебиеті газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971
Қасым Қайсенов
20
декабрь
2020
Қасым Қайсенов
Қасым Қайсенов - Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. 23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында дүниеге келіп, 30 желтоқсан 2006, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында дүниеден өткен. 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны