27
январь
2022
Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Осы жұмыс аясында С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімдері Ш. Қалқабаева мен Ш.Б. Айткожаева 2021 жылдың 27 қаңтар күні «Биология пәнінде ағылшын тілін кіріктіріп өтудің әдіс-тәсілдері» атты тақырыпта тәжірибе алмасты. Ұстаздар ағылшын тілін кіріктіріп оқытуда түрлі технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырудағы іс- тәжірибелерімен бөлісті. Пән мұғалімдері өз тәжірибелерінде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын CLIL әдісін қолдана отырып, сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігін көрсетті. Тәжірибе алмасу ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан өтті.