С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде 1 қазаннан 30 қазан аралығында «Жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан, сауатты тұлға қалыптастыру» тақырыбында айлық өтті. » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде 1 қазаннан 30 қазан аралығында «Жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан, сауатты тұлға қалыптастыру» тақырыбында айлық өтті.
05
ноябрь
2021

С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде 1 қазаннан 30 қазан аралығында «Жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан, сауатты тұлға қалыптастыру» тақырыбында айлық өтті.

С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде 1 қазаннан 30 қазан аралығында «Жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан, сауатты тұлға қалыптастыру» тақырыбында айлық өтті. Айлық барысында жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.
Қазақ сыныптарында өткен қазақ әдебиеті сабақтарында М.М.Абитова 7 «Д» сыныбында «Қазтуған жыраудың қонысымен қоштасу» сабағында оқушылардың көзқарасына рефлексия жасап, шығармашылық қатынасын көрсетті.
Ж.У. Туктибаева 8 «Б» сыныбымен Шалкиіздің «Би Темірге бірінші толғауында» Темір образы сабағында «Биопоэма» әдісі арқылы топтағы таныстықты арттырды, өз ортасындағы ұқсастықты тапты, ізденімпаздыққа жетеледі.
9 «В» сыныбында А.О.Орынбек «Тілек» сабағында «Фишбоун» әдісі (постерде) бойынша жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтады.
6 «А» сыныбында Жарасарова Жумаш Ходжабергеновна Доспамбет жырау «Айналайын ақ Жайық» сабағында «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша оқушылар бірнеше топқа бөлінді: бірінші топ оқыды немесе айтты, екінші топ тыңдады, үшінші топ түртіп алды, кейін өз пікірін айтты.
М.Ж. Боранбаева Шалкиіздің «Би Темірге бірінші толғауында» көріктеуіш құралдар тақырыбында 8 «А» сыныбында «Дауыстап ойлау» әдісін қолдана отырып, оқушыларды дұрыс тыңдауға қалыптастырды. Оқылым, тыңдалым дағдыларын қолданды. Ойлау қабілетін дамыта отырып, сөздік қорын молайтты.
Айлық барысында орыс сыныптарында қазақ тілін меңгеруде жақсы нәтижеге жету үшін мұғалімдер сабақтың түріне қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолданды.
8 «Д» сыныбында А.А. Амирбекова «Сауда жасау-біздің өміріміздің бір бөлшегі» сабағында танымдық ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттырды.
Р.Б. Джумадилова «Кассандраның таңбасы» сабағында сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың логикалық қабілетін арттырды.
5 «Г» сыныбында Н. Жампейсова «Табиғатты қорғайық» сабағында деңгейлеп оқыту әдісімен оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырды.
Г.С.Мусаева 7 «Г» сыныбында «Тараздың бойтұмары» сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың ой қозғау, ой қорыту белсенділігін дамытты.
Джумадилова Райхан Балтабаевна, Абитова Мереке «Оқиғалы рөлді ойындар арқылы балалардың ойлану мен дамыту жолдарын көрсету» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың ауызекі сөйлеп, ой-өрісін кеңейтудің негізі – айналадағы орта мен табиғат құбылыстарының, қарым-қатынас құралы болып табылатынын рөлдік ойындар арқылы қалыптастыруға мүмкіндік беретінін бірнеше әдістер арқылы жеткізді.
Жарасарова Жумаш Ходжабергеновна, Исаева Куляш Турсунмуратовна «Сабақтағы іскерлік ойын-геймификация» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Боранбаева Мейрамкул Жуаткановна, Туктибаева Жанар Утегеновна «Төңкерілген сабақ» әдістемесі арқылы оқушылардың өздік ізденісін жетілдіру жолдарымен бөлісіп, өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Маханбеткулова Айгул Бексұлтановна, Мусаева Гульнур Сундетилдаевна кері байланыстың сабақта тиімді жолдарымен бөлісіп, кері байланыста талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруге ұмтылу қажет екендігін, тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса да, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек екенін айтып кетті.
Айлықты қорытындылай отырып, пән мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс айтылды.







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив