14
октябрь
2020
Дарынды оқушылардың шығармашылық жұмыстары
C.Қ. Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы дарынды оқушылардың шығармашылық жұмыстары
Еліміздің дамуындағы стратегиялық міндеттерді шешуде білім беру саласына тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу қажеттілігі заман талабы болып тұр. Себебі ХХІ ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені шешудің негізгі тетіктерінің бірі – балалардың дарындылығын дамыту. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады
Өзгеше ойлау, шығармашылықпен жұмыс істеу, заманға сай жеке тұлға ретінде тәрбиелеу-білім беру жүйесіндегі басты мақсат. Сондықтан да C.Қ. Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында оқушылардың зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен белгілі бір ғылым саласында білімдерін жетілдіру мақсатында алғаш рет «Жас ғалым» ғылыми қоғамы жұмысы жүргізіліп жатыр. Пән мұғалімдерінің жетекшілігімен оқушыларымыз әр түрлі бағытта ғылыми жобаларын жазып отыр. Айта кетсек, «Физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар» бағытында Сейдуов Досмұхамед, «Математика, қолданбалы математика, экономика, информатика» бағытында Әбдіқадыр Айзат, Болатбекқызы Абзель, Саликова Амина, «Биология, химия, қоршаған ортаны қорғау» бағытында Рахымжанов Ернұр, Сейдазім Әлібек, Тұрар Аина, «Тарих, құқықтану, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі» бағытында Айтбек Аружан, Алибек Аружан, Максатбекқызы Амина, Айбас Жанель, Ораз Айбибі өз жұмыстарын ұсынып отыр.
Сонымен қатар жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін С. Қ. Нұрмағамбетов атындағы №10 мектепте STEM жобалық тәсілі енгізілді, ол оқушылардың зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтуге, инновациялық және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу, коммуникация және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан осы STEM жобасы бойынша 10 «Ә» сынып оқушысы Сейдәзім Әлібек «Дәнді дақыл бидайды гидропоника әдісімен өсіру» тақырыбында Айтқожаева Шолпан Бауирхановнаның жетекшілігімен ғылыми жоба басталып отыр. Жоба барысы суретке және видеоға түсіріліп отыр.