16
май
2022
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА ОҚУШЫ БЕЙІНІН ДАМЫТАТЫН ТЕТІК ПЕ?

Ағымдағы жылы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде «Шығармашылық жоба оқушы бейінін дамытатын тетік пе?» атты тақырыпта шебер сынып өткізілді. Шебер сыныпқа мектептің ДҒІЖО Абжамиева Индира Тоқсанбаевна және ДТІЖО Кусемисова Ляззат Парымбековна, көркем еңбек пән мұғалімдері мен бірлестік жетекшісі Койгелдиева Фатима Искаковна қатысты. «Квест ойыны» форматында өткен шебер сыныптың мақсаты – шығармашылық жоба маңыздылығын үстемелейтін аргументтер ұсына отырып, негізгі құзыреттіліктеріне талдау жасау. Сондай – ақ мақсаттың жүзеге асуы төмендегі міндеттерді туындатты:
🧩шығармашылық жоба туралы мәлімет беру;
🧩 оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен таныстыру;
🧩 жоба ерекшеліктері туралы пікірлесу ортасын құру және сабақ кезеңдерінде қолдану қажеттілігін түсініп, іс – тәжірибелерінде қолдану шеберлігін арттыру;
Мақсаты бағытталған аудиторияға көркем еңбек пән мұғалімдері алынды. Топтық тәсіл арқылы «Топтық тергеу», «Серпілген сауал», «Сұрақтар пирамидасы» әдістерін қолдана отырып, шебер сыныптың барысы жүйелі жүргізілді.
Ұйымдастыру кезеңінде мұғалімдер екі топқа бөліне отырып, жұмбақтардың шешімін таба отырып, тапсырмаларды қызықты орындады. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен таныстыра келе, жұмбақ жауаптары сол жұмыстардың бірқатарына жасырылды. Бұл ретте мұғалімдер оқушыларды шығармашылық жоба арқылы кәсіби іскерлікке бейімдеу қажет екендігіне толық көз жеткізді. Шебер сынып барысында мұғалімдер теориялық дәлелдермен танысып, практикалық бөлімде өздері процестің ішінде өз рөлдерін атқарды. Рефлексия «Табыс баспалдағын» арқылы жасалынды. Шеберлік сыныбында «Шығармашылық жоба оқушы бейінін дамытатын тетік пе?» деген сауалға сатылай кешенді талдау жасалынып, әртарапты қолдау тапты.
[/center]