16
сентябрь
2022
«Тіл біздің тұтастығымыз» атты зияткерлік сайысы
Мақсаты:
- Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
- Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
- Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
16 қыркүйек күні Тілдер күніне орай «Тіл біздің тұтастығымыз» атты зияткерлік сайысы өткізілді. Зияткерлік сайысқа 8«ә» сыныбының оқушылары қатыстырылды.«Сөз құра, тіркес құра», «Мақалдың жалғасы»,«Қайым айтыс», «Жаңылдырған жаңылтпаш», «Мағынаны аш», «Мысалдағы бір бейне» кезеңдерінен өткен сайыскерлер тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде «Ділмар қыздар» жеңістің төрінен көрінді.