01
сентябрь
2022
"Сыңғырла, алғашқы қоңырау!" атты салтанатты жиыны
1 қыркүйек күні "Білім күні" мерекесіне орай "Сыңғырла, алғашқы қоңырау!" атты салтанатты жиыны өтті. Сыңғырлай соққан қоңырау үніне еліте келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар салттанатты жиын шымылдығын ашып, ортаға шықты:
1 «А» сынып жетекшісі - Медетбекова Гаухар Бейсенкуловна.
1«Ә» сынып жетекшісі - Жанкуразова Гульмира Маденовна.
1«Б» сынып жетекшісі - Куртубаева Аманкүл Алибаевна
1«В» сынып жетекшісі - Джуманалиева Лира Ражапкуловна
1«Г» сынып жетекшісі - Личманова Инна Андреевна
1«Д» сынып жетекшісі - Цевазова Дильнора Ришатовна
Салтанатты жиын басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізіліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды.
Салтанатты жиын барысын мектеп директоры Б.О. Бектурганов білім күнімен барша ұстаздар мен оқушыларды құттықтады. Сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қорының ардагері Шакузов Базарбай және 22500 әскери бөлімінің командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жақсылық Айдос Құлбатырұлы оқушылар мен ұстаздарға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, құттықтады.
Бүгінгі білім күніне орай мектебімізге келген қадірлі қонақтарымыз: Сыйлыбаева Орын Құсайынқызы, Искакова Сарсен Мұратовна, Мақұлбеков Сүйіндік Сатыбалдыұлы, Ибраймова Гульнара Каукановна және басқада ардақты ұстаздарымыз қатысты.
Салтанатты жиын барысында Асанбек Айымның орындауында «Ұстаз – ана» әні, Алипжан Жанболаттың орындауында «Мен мектепке барамын» әні, Әбілда Асылайдың орындауында «Оқуда озат боламын» әні орындалды.
Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған Кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында «Алғашқы қоңырау» музыкалық қойлымы орындалып, салтанатты жиын өз мәресіне жетті.