Ағылшын тілі пәнінің айлығы » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ағылшын тілі пәнінің айлығы
15
ноябрь
2021

Ағылшын тілі пәнінің айлығы

Ағылшын тілі пәнінің айлық жоспарына сәйкес 15.11.2021 ж. күні 1 “Ә” сыныбынмен оқытушы М.Абеева ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа 11 оқушы толық қатысты. Сабақ күнтізбелік-тақырыптық және қысқа мерзімді жоспарларға сәйкес жүргізілді. Ашық сабақ In my house: There is/There are. Letters Yy, Zz. тақырыбында жүргізілді. Ашық сабақтың негізгі мақсаттары болып төмендегілер қойылды:
L3. Жалпы атаулар мен орын атауларын күнделікті және сыныптағы сөздердің шектеулі ауқымының ауызша формасын таниды;
L9. Әліпбидегі әріптердің атын таниды;
S1. Адамдар, заттар және сыныптағы тәртіптер туралы негізгі жеке мәлімдемелер жасау арқылы сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Жүргізілген ашық сабаққа жас мамандар мен директордың оқу ісі жөніндегі және ғылыми ісі жөніндегі орынбасарлары, пән оқытушылары қатысты.
Ашық сабақта түрлі форматтағы әдіс-тәсілдер қолданылып, тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, оқу (түсіндіру), тыңдалым, жазу тапсырмалары мен ауызша сөйлеу тапсырмалары беріліп, “Интеллектуалды ойын”, «Миға шабуыл», «Кітапханашы», “Жақсы көңіл-күй” әдістері қолданылды.
Ашық сабақта АКТ –ы өзінің деңгейінде қолданылды. Онда үй жұмысы мен өткен тақырыпты пысықтау және жаңа сабақты түсіндіру мақсатында “Miccrosoft PowerPoint”, Prezi.com бағдарламаларында жасалған слайдтар пайдаланылды.
Ашық сабақты қорытындылау барысында оқытушының тарапынан кері байланыс жасалып, оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендігі сараланды.
Оқытушы Абеева Маржан ашық сабақтың тақырыбын ашып, қойылған мақсаттарға жете білді.
Жалпы ашық сабаққа қатысқан қатысушылардың тарапынан өзара тәжірибе алмасу мақсатында тиімді әдістер мен ұсыныстар берілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив