28
февраль
2022
Семинар тақырыбы: Блум таксономиясы
Семинар тақырыбы: Блум таксономиясы
Жалпы мақсаты:« Блум таксономиясының тиімді жақтарымен таныстыру»
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Сабаққа қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын, олардың мазасыздануының сипаты мен табиғатын ескеріп,«Менің жүрекшем» суретін қолдану арқылы бір-біріне тілек айтудан бастадым.
Түрлі стикерлерді таңдау арқылы үш топқа бөлінді.
Ой қозғау мақсатында әріптестерімнен Блум таксономиясы туралы не білетінін, қандай әдіс-тәсілдер қолданып жүргендерін сонымен қатар осы жинақтау ,талдау ,қолдану деңгейіне аса көңіл бөлінуі керектегін көрсете білдім. Осыдан барып Блум таксономиясының түсіндірмесі жазылған презентациясымен таныстырдым. Көрсетілім соңында әріптестеріммен диалогқа түстік.
Сұрақтар:
1.Сіз не көрдіңіз?
2.Сіз презентацияны көре отырып,қандай өзіңіз үшін ой түйдіңіз?
Ойларын ортаға салып талқылады.
Мұғалімдердің пікірлерін талқылау және дұрыс жоспарланған жұмыстың нәтижелі болатынын көрсетті. Бағдарлама мазмұны бойынша таратпа қағаздар ұсындым.
Топтық жұмыс ұйымдастырылды. Әр топқа бір сабақты алып, жоспарын Блум таксономиясына салып, құру тапсырмасы берілді.
Әр топ өз ойын айтып, талдау жасады, бағаланды. Ұстаздар өздеріне қажетті материалды игеріп түсінді деп ойлаймын. Осындай сабақ жоспары күнделікті сабаққа құрылса, әр сабақ өз нәтижесін беретіні және білім сапасының артатыны сөзсіз.