02
ноябрь
2020
С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінің қоғамтану пәндерінің айлығы
С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы
№10 орта мектебінің
қоғамтану пәндерінің айлығы
№10 орта мектебінің
қоғамтану пәндерінің айлығы
Қашықтықтан оқу жағдайында қоғамтану пәндерінің айлығы аясында атқарылатын жұмыстары
Қараша айының 10-30 аралығында Қоғамтану пәндерінің айлығы өтіледі
Айлықтың тақырыбы: Педагогикалық үдерісте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту
Мақсаты: тарих сабақтарында педагогикалық үдерісте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту,сабақ жоспарын Блум таксономиясы бойынша, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру
Айлық барысында атқарылатын жұмыстар:
1. Педагогикалық үрдісте оқушыларды сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту
2. Директор жаныныан алынатын тест материялдарының жинақтау
3. Тоқсан боынша жиынтық бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалаулардың жүргізілуін дұрыс жолға қою
4. Мектеп бөлмелерінің жабдықталуын қадағалап,бекітілген мұғалімдер тарапынан жүзеге асыру
«Тарих өткенге сабақ, келешекке өнеге». Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.
Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға қақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жахандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз.
Тарих ол – уақытқа ұқсас толмайтұғын
Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын,
Тарих ол – бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын
2020 жылы аталып өтілетін елеулі даталар
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби. Шығыстың Аристотелі 870 жылы Отырарда әскери қолбасшының отбасында дүниеге келді. Отырарды арабтар Бараба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған деседі. Ұлы ойшыл Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, Хорасан, Мысыр, Бағдат шаһарларында білім алды. 2020 жылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында тойланады.
Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығы; Түркі әлемінің ұлы ойшылы Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн 1020 жылы ортағасырлық Баласағұн қаласында дүниеге келді. Ғалымның өміріне қатысты мәліметтер аз сақталған. Алғашында Баласағұнда, кейін Қашқарда білім алды. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, әдебиет, тіл білімі және тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы
Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауында дүниеге келді. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады. Бала жасынан кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты.
Маңғыстау көтерілісіне 150 жыл (1870 жылы болған)
1870 жылы Маңғыстау өңірінде патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталған көтеріліс. Көтеріліске патша өкіметі 1868 жылы қабылдаған "Уақытша ереже" ("Далалық облыстарды басқару жөніндегі ереже") себеп болған. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті. Ел арасында толқу басталды. Халық бұқарасын Досан Тәжіұлы, Алғи Жалмағамбетов, Ержан және Ерменбет Құловтар басқарды. Оған қоса Маңғыстау приставы подполковник Рукин би-шонжарлардың көмегімен салықты екі жылға (1869-70) бір-ақ жинамақшы болды. Осылайша ол 1870 жылы 15 наурызда төрт зеңбірегі бар 35 казак, тілмаш Бекметов, алпысқа жуық би мен старшындарды ертіп, адай руларынан салық жинауға аттанды. Рукиннің қарулы жасақпен келуі көтерілістің басталуына түрткі болды. Көтерілісшілер Рукин отрядымен 22 наурызда кездесті. Рукин отряды біржола талқандалды. Ал Рукин болса, көтерілісшілердің қолына түспес үшін өзін-өзі атып өлтірді.