20
декабрь
2020
Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин (1915-1983) Ақмола облысындағы Атбасар қаласында дүниеге келген. Жазушының балалық шағы аштық жалмаған зұлмат заманға тап келіп, 5 жасында тұл жетім қалды. Бала Ільяс балалар үйіне тапсырылды. Шығармашылыққа бір табан жақын өскен ол қабырға газетіне өлең жазып тұрды. Мектепті тәмамдаған соң, Қызылорда қаласына барып, интернат мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Кейін Қарсақпайдағы аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. Жұмыс ісей жүріп, Алматыдағы Қазақ тау-кен институтына түсті. Талантты да талапты бала тез көзге түсіп, 1937 жылы Қазақстан КСР-ның бірінші Конституциясын қабылдаған Қазақстан Советтерінің алғашқы Төтенше съездіне делегат болып сайланды.
1940 жылы институтты аман-есен аяқтап, Жезқазғанға жұмысқа жіберілген. Сол жылы күзде Қызыл әскер қатарына шақырылтып, Рига әскери-саяси училищесінде оқып, соғысқа аттанды. 1942 жылы қатта жарақаттанып, госпитальге түсіп, бір жылдан соң мүгедек болып елге оралды.1947 жылға дейін Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің аппаратында инструктор болып жұмыс істеді.Соғыс аяқталарда, 1937 жылы атылып кеткен әділет халық комиссары Хамза Жүсіпбековтың қызына үйленіп, қайныенесін АЛЖИР-ден алдырғаны үшін НКВД-ның назарына ілігіп, 1949 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын Қарақұм каналы құрылысында жарылыс жұмыстары жөнінен тау инженері болып бес жыл жұмыс істеп өтеді.Айдаудан келген соң Қазақ КСР-ның Геология министрілігінде, кейін шахтада басқарма басшысы болып қызмет атқарады.Ұсталғанша ол өлең азса («Айша» (1945 жыл) және «Сұлтан» (1949 жыл) поэмалары, «Алғыс өлеңдер жинағы» (1949 жыл), жазасын өтеп келген соң прозаға көшті.
«Адам туралы повесть» (1954 жыл), «Өзен жағасында» (1960 жыл).1958 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1962 жылдан «Қазгослитиздат» мекемесінде редактор, 1967 жылдан «Жазушы» баспасында директор, содан Қазақстан жазушылар одағының хатшысы (1971-1975 жылдары) болып қызмет атқарды.1975 жылдан бастап толық шығармашылық жұмысқа көшіп, 16 жылда 15 роман дүниеге әкеледі. 1962 жылы драматургияда күшін сынап, «Таудағы тартыс» пьесасы Республикалық жас көрермен театрының сахнасында қойылды. Қазақ тіліне Константин Дмитриевич Ушинскийдің шығармаларын аударды.
1969 жылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Романдар 15-ші ғасырдан 19-шы ғасырдың ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Сөз болатын тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы, Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы, Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. Қазақ әдебиетінде бұрын-соңды тарихи тақырыпта қалам тартылмаған. Алғаш рет 1976 жылы «Көшпенділер» атымен жарық көрген трилология орыс тілінің өзінде 12 рет басылып, 1,5 миллион тиражбен тарады. Жалпы «Көшпенділер» трилологиясы әлемнің 30 тілінде жарық көріп, 50 рет қайта басылды. 2005 жылғы есеп бойынша, дүние жүзіне таралған жалпы тиражы 3 миллион дана. Бұл трилогияның негізінде 2005 жылы «Көшпенділер» атты тарихи көркем фильмі түсірілді. Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы» романдары - тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, әдебиетке серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар. Өмірінің соңында жазушы «Алтын Орда» трилогиясын жазды (1982-83 жылдары). Жазушы 1983 жылы Алматыда дүние салды.
Жазушының шығармашылық еңбегі өлең жазудан басталды. Алғашқы дастандары – «Сұлтан», «Айша» 1945 жылы жарық көрді. Екі дастан да соғыс тақырыбына арналған. «Айша» дастанының бас кейіпкері батыр қызымыз Мәншүк Мәметова болса, «Сұлтан» дастаны да қазақтың батыр тұлғалы намысты ұлы туралы.
«Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы 1949 жылы жарыққа шықты. «Біржан сал трагедиясы» дастаны (1959), «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), «Адам туралы ән» (1957) повестері жарық көрді.
1975 жылдан бастап жазушы толық шығармашылық жұмысқа көшіп, 16 жылда 15 роман дүниеге әкеледі. Ілияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған «Құйма» (1961) киносценарийі бойынша жасалған фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар елдерінде көрсетілді. 1969 жылы «Қаһар», 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Бұл романдар қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Осы трилогияның негізінде «Көшпенділер» атты тарихи көркем фильм түсірілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Маңғыстау майданы», «Алтын аттар оянады», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстар қуанышы», «Махаббат мейрамы» романдары – тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетінде оған дейін мүлде көтерілмеген мәселелерді қозғаған, әдебиетке серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылар. Жазушы 1982–1983 жылдары «Алтын Орда» трилогиясын жазды. Бұл трилогия да ел тарихының ерекше беттерін көркем жеткізген шығарма ретінде жоғары бағаланған.
Көшпенділер - Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы.
Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.
Алмас қылыш романында ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.
Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.
Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттелед
Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.
Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан , Жәнібек хан ,Керей хан
Жанталас романында -, Қасым хан , Хақназар хан , Абылай хан , Бұқар жырау
Қаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи,аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.
Кітап туралы пікірлер
Шыңғыс Айтматов: «...алайда, ең бастысы, «Көшпенділердің» бұрынғы қоғам жағдайына да, қазіргі жағдайға да тәуелсіз өз құндылығы мен әдеби тағдырының барлығында жатыр».
Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов: «І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұқият зерделемейінше қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды болмайды».
Чингис Гусейнов: « «Көшпенділер» трилогиясы халықтың өзін - өзі танып - білуінің тамаша кезеңдік туындысы болып табылады»
1945 жылы "Сұлтан", "Айша" дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" (1957), "Біржан сал трагедиясы" (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында" (1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері жарық көрді. "Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), тың туралы "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974) романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар" (1983), Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды.
Заңғар жазушының ұрпақтары туралы білмек боп немересі Мағжан Қозыкөрпешұлы Есенберлинге қолқа салған едік. Мағжан барлығын тізіп шығыпты. Ендеше зер салып, қарап шығайық. Немересі Мағжан Қозыкөрпешұлы Есенберлин.
Ілия Есенберлиннің ұрпақтары:
Заңғар жазушының үш қызы және бір ұлы бар.
1) Ең үлкен қызы Раушан Есенберлина қазір Алматы қаласында тұрады, зейнеткер. Күйеуі Мұрат Басшықов осыдан бес жыл бұрын дүниеден озды. Мұрат пен Раушанның үш ұл, бір қызы бар. Үлкені Еркебұлан қазір АҚШ-та тұрады, екі ұлы бар. Дәурен есімді ұлы Астанада тұрады, 2 ұлы бар. Молдажан есімді ұлы да Астанада тұрады, бір ұл, бір қызы бар. Гүлниса есімді қызы Алматыда тұрады. Тұрмыста, екі ұлы бар.
2) Ортаншы қызы Қарлығаш Есенберлина Тимур Давлетчинге (ұлты татар) күйеуге шыққан. Бүгінде Бельгияның Брюссель қаласында тұрады. Тимур мен Қарлығаштың екі қызы бар. Әлия есімді қызы бельгиялық азаматқа тұрмысқа шыққан, екі ұлы бар. Қазір сол Бельгияда тұрады. Жәмилә есімді қызы да Бельгияда тұрады. Бір қызы бар, ажырасқан.
3) Үшінші қызы Дильфруза Есенберлина. Бір қызы бар, ажырасқан. Бүгінде Алматыда әкесі Ілияс Есенберлин тұрған үйде тұрады. Қызы Әсел Әжібаева да Алматыда тұрады. Тұрмыста, үй шаруасындағы әйел. Екі ұл, бір қызы бар. Тәшен Тасшыбай есімді тағы бір ұлы болған, 2004 жылы қайтыс болды.
4) Ұлы Қозыкөрпеш Есенберлин екі мәрте үйленген. Жұбайы Мира Орынбекова. Алматыда тұрады. «Кочевники» баспа үйінің директоры. Бірінші некесінен Мағжан есімді бір ұлы бар, екінші некесінен бір ұл, бір қызы бар. Мағжан үйленген, екі ұлы бар. Астанада тұрады. "KazPromEx" ЖШС директорының орынбасары. Қызы Дәмелі Алматыда тұрады. Әлі тұрмыс құрмаған. Ағылшын тілінен аудармашы. Ұлы Мәди де Алматыда тұрады, әлі үйленбеген. Ағылшын тілінен аудармашысы.
Ілия Есенберлиннің Раунақ Есенберлин атты інісі болған. Қайтыс болып кетті. Мәскеуде тұрған, әскери маман болған. Соңында екі қызы қалды. Бірақ олармен қазір қатынас үзілген, арғы жағынан хабарымыз жоқ.