Шерхан Мұртаза » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2021

Шерхан Мұртаза

Белгілі кеңес және қазақ жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист-аудармашы Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза 1932 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Талапты ауылында дүниеге келген. Отандық публицистиканың жетекші тұлғасы болған Шерхан Мұртаза дулат руының шымыр тармағынан тараған. Ол Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. Қанша білім қуса да шағын ауылында өскен жазушы өзінің кіші отанын ұмытпай, үнемі жерлестеріне көмектесіп жүрді.
Ол көшпелі қазақ кенеттен отырықшы елге айналған уақытта, қарапайым колхозшының отбасында дүниеге келді. Әкесі Мұртазаны халық жауы деп Сібірге айдап жібергенде кішкентай Шерхан небәрі бес жаста болатын. Осылайша, тұтқындалып, Сібірге айдалған әкесі сол күйі отанына оралмады.
Ал, әкесіз қалған Шерхан балалық шақтың не екенін де білмей өсті. Керісінше, өміршеңдіктің үздіксіз сынағын көрді. Осындай жағдайдан аман шығу үшін анасы еңбек етіп, ақы ретінде жарты қап бидай алып, отбасын асыраған. Бала күнінен қиыншылықтың тауқыметін көрген Шерхан Мұртаза 7-сыныптан кейін Жамбыл мектеп-интернатына оқуға түседі. Орыс тілін жақсы білмесе де, мектеп бітірісімен Мәскеуге оқуға кетті.
1950 жылы жас Шерхан Мәскеу полиграфиялық институтына түсті. Үш жыл өткен соң, ол оқыған редакторлық-баспа факультеті Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің кафедраларының бірі болды. Шын мәнінде, оның әдеби қызметі қайткен күнде де ақша табу керек деген қажеттіліктен басталды.
Аздаған шәкіртақымен және мосфильмнің түсірілімдеріне көрермен ретінде қатысып тапқан қаражатымен күн көрген жас Мұртаза алғаш рет аудармашы ретінде жұмыс істеп көруді шешті. Осылайша 50-ші жылдардың бірінші жартысында қазақстандық оқырмандар Шерхан Мұртазаның арқасында Лагиннің “Хоттабыч қартын» және башқұрт классигі Мұстай Кәрімді таныды. Ол сондай-ақ Венгрияның халық ертегілерін, Ганс Христиан Андерсен мен Шыңғыс Айтматовтың туындыларын да қазақ тіліне аударған.
Шерхан Мұртаза тек жазушымен, аудармашылықпен ғана айналысқан жоқ, ол сондай-ақ спортты жанына серік еткен атлет. Студенттік жылдары тіпті, бокспен де айналысып, факультетің намысын қорғап жарысқа қатысып, орта салмақ бойынша жүлдегер атанған. Ол спорттың бильярд және тапанша ату түрінен де алдына жан салмаған.
Саяси және көркем әдебиет мамандығы бойынша диплом алған жас Мұртаза 1955 жылы Қазақстанға қайтып оралып, қазіргі «Жазушы» баспасына жұмысқа орналасты. Мұнда ол ұзақ жұмыс істемеді. Күні бойы басқа адамдардың мәтіндерін редакциялауға мәжбүр болған Мұртаза, бұл жұмыс өзіне тән емес деп, шығып кетті.
Содан достары «Лениншіл Жас» газетіне әдеби қызметкер ретінде баруға кеңес берді. Республикалық жастар командасы да Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегін қуана қарсы алды. Көп ұзамай ол Қарағанды мен Ақмола облыстарында тілші болып, үш жылдан кейін Алматыға осы газеттің бас редакторының орынбасары ретінде оралды.
1958 жылы жазушының “Құрылысшы Дәку” атты тұңғыш очерктер жинағы жарық көрді. Мұрзата онда қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған.
Кейін жазушы Қостанай облысында «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі ретінде қысқа уақыт жұмыс істеді. 1963 жылы Шерхан Мұртаза Қазақстан комсомолы орталық комитетінің ұсынысы бойынша «Лениншіл Жас» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Содан бері ол бірнеше редакцияға ауысты. «Лениншіл жас» журналынан кейін «Жалын», «Жұлдыз» әдеби журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жұмыс істеді.
Мұртаза соңғы жылдары берген сұхбаттарында кез-келген басылымның танымалдылығы мен сұранысы біріншіден редактордың газетті адамдарға қаншалықты жақындата алатынында, екіншіден, талантты кадрларды қалай таңдайтындығына байланысты деген болатын. Расында да, Мұртаза бүкіл Қазақстаннан талантты маман кадрларды жинады.
Мысалы, Оралхан Бөкей «Лениншіл жасқа» келмей тұрып, Шығыс Қазақстан облысында колхозшы механизатор болып жұмыс істеген.
Бірнеше мақаласын «Лениншыл жасқа» жібергеннен кейін, Мұртаза оны жұмысқа алды. Фариза Оңғарсынова да газетке осындай ерекше жолмен келген. 1967 жылы ол Шерхан Мұртазамен бірге Болгарияда өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінде болды. Гурьев облыстық газетінің қызметкері республикалық жастардың редакторына өз өлеңдерін оқуына мүмкіндік бергенде, ол бірден осы қарапайым және өте ұялшақ қыздың талантты ақын екенін түсінді. Осылай талантымен көзге түскен Оңғарсынова да өлеңдері газет бетіне басылып шыққаннан кейін танымал болды.
Әбіш Кекілбаев та қызметін Мұртаза басқарған газетте әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісінен бастаған.
Мұртаза басқарған соңғы газет «Социалистік Қазақстан» болды. 92-ші жылдары ол республикалық телерадиокомпанияның төрағасы болып ауыстырылды. Бұл кезеңде оның өмірінде ауыр дау-жанжалдар мен митингілер болды.
Мұртазаның тағдыры осы тынымсыз орындықта қалай өткені белгісіз, бірақ ол 1994 жылы Жоғарғы кеңестің 13-ші шақырылымының депутаты болып сайланды.
Журналистика және жазушылық Мұртазаның бұл өмірдегі екі қанаты болды. Қазақ жұрты қаймана халықтың қамы үшін еңбек еткен Шерхан Мұртазаны адалдығы мен әділеттілігі үшін шебер жазушыны сүйіспеншілікпен «Шераға» деп атады.
Жазушы бірнеше мәрте Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қазақ тіліне аударғанын мақтан тұтатынын айтқан.
Шерхан Мұртаза баспаханадан әкелінетін газеттің сигналды нөмірін күтіп отырып, түні бойы роман жазған. Ол барлық еңбектерінің ішінде республиканың сыртында танымал болған қазақтың тұңғыш қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қызыл жебе» романын жоғары қояды.
Соңғы жылдары ол өзінің алғашқы романдарының бірі «Ай мен Айшаның» жалғасын жазумен айналысты. Айша – оның қайтыс болған анасының есімі. Дегенмен, анасының атымен аталған роман анасы жайлы ғана емес, сондай-ақ ол өмір сүрген заман туралы.
Бұдан бөлек, соңғы жылдары Мұртазаның қаламынан туған «Ноқтаға басы сыймаған»- пьесасы шықты. Жазушы бұл еңбегінде халық қаһарманы, ауылдасы Бауыржан Момышұлы туралы баяндайды.
Сондай-ақ, 1963 жылы жазушының «Табылған теңіз», 1965 жылы «Бұлтсыз күнгі найзағай», екі жылдан кейін «Белгісіз солдаттың баласы», 1969 жылы «Мылтықсыз майдан», 1972 жылы «41-жылғы келіншек», 1973 жылы «Ахметжанның анты» повестері мен «Интернат наны» атты әңгімелер жинақтары жарық көрді.
1976 жылы өндірістің дамуы, адам мен қоршаған ортаға деген қамқорлық туралы маңызды мәселелерді көтерген, ғылыми-техникалық төңкерісті сипаттаған «Қара маржан» романы жарияланды.
Драматургия саласында жазушының «Қызыл жебеден» басқа «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Бесінші бұрыш» атты пьесалары бар.
Бүкіл ғұмырын ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына арнап, кейінгі ұрпаққа рухани бай мұрасын қалдырған қаламгер, Тарихта халықтың Шерағасы деген есіммен қалған Шерхан Мұртаза 2018 жылы 9 қазан күні қайтыс болды. 86 жасында көз жұмған жазушы ауылдасы Бауыржан Момышұлының жанына жерленді.

Похожие публикации:

20 декабрь 2020 Төлен Әбдік
20 декабрь 2020 Сәкен Жүнісов
20 декабрь 2020 Оралхан Бөкей
20 декабрь 2020 Бауыржан Момышұлы
Прокомментировать
• bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Ekgrua
13 августа 2024 04:02
buy lasuna for sale - buy lasuna generic where to buy himcolin without a prescription
Gckswy
21 августа 2024 13:39
purchase besivance online cheap - besifloxacin sale sildamax pills
Hdswcj
22 августа 2024 21:06
cheap generic neurontin - neurontin 800mg us buy azulfidine paypal
Kxjojn
30 августа 2024 18:02
colospa 135mg usa - pletal cost order pletal generic
Ryryov
4 сентября 2024 04:06
diclofenac buy online - aspirin 75 mg pill order aspirin 75 mg online cheap
Ydpwvi
10 сентября 2024 16:30
mestinon online - imitrex 25mg pills azathioprine 50mg price
Xzcsnn
17 января 2025 23:03
isotretinoin 20mg cheap - order dexamethasone generic buy cheap generic zyvox
Qymnsf
18 января 2025 16:58
buy amoxicillin - amoxil cost ipratropium drug
Nohvin
31 января 2025 21:38
cheap azithromycin 500mg - zithromax 500mg pill nebivolol cost
Bclhgc
6 апреля 2025 05:50
zovirax 400mg sale - cost acyclovir 400mg buy rosuvastatin generic