Фариза Оңғарсынова » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2021

Фариза Оңғарсынова

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 5 желтоқсанда қазіргі Атырау облысындағы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Фариза он баланың кенжесі. Алайда, бауырларының көбі ерте қайтыс болып кетеді. Әкесі – Оңғарсын Иманғалиев оқыған, балық шарушылығын алғаш болып ұйымдастырған, жұртына қадірлі азамат болған. Ол Фаризаның кішкентай кезінде қайтыс болып кеткен. Ал анасы – Халима Иманғалиева арабша хат таныған кісі. Ол, халық ертегілерін, ескі қазақ әндерін жақсы көрді. Балаларын да оқу-білімге баулып, сауатты болуларына үлкен үлес қосқан да анасы. Балалар қыстың ұзақ кештерінде кітаптарды дауыстап оқып, поэтикалық шығармаларды жаттап үйренді. Фариза өз балаларын ескі дәстүрлі тыйымдарға байланып қалмайтындай, еркін болып өсулеріне барын салған анасына қарыздар.
Қазақтың ақын қызы кішкентай кезінен-ақ, анасының Пайғамбарымыз (с.ә.с) туралы әңгімесін естіп өседі. Ол қиындыққа кезіккен сайын анасын жылатпауға тырысып өсті. Мектеп жасында-ақ, Қобыланды батыр жырын жатқа оқыды. Алайда, сол заманда бүкіл елді қалжыратқан сұрапыл соғыс тұтастай ұрпақты ерте есейтті. Фариза Оңғарсынованың да балалық шағы сол сұрапыл жылдарға дөп келді. Әке қазасының артын ала мейірімді аға Бақтұғыл мен сүйкімді апайы Рәбила оралмас сапарға аттанды. Болашақ ақын бас-аяғы алты жылда жанына жақын үш бірдей адамынан айырылды. Неше түрлі жоқтауды есі кірмей жатып естіп өссе де, құйтақандай кезден-ақ қайсар мінезімен ерекшеленді. Ақынның өзі де бала Фариза жайлы “қыз болып ойнамадым қуыршақпен, ерке еді мінезім де қыңырсоқтау” деген өлең жолдарын шығарған болатын. Мектепке бармай жатып, қара таныған бала Фариза кішкентайынан қазақтың жыр дастандарын дауыстай оқып, кейін анасының көңілін аулағанын жазады.
Фариза Оңғарсынова 1961 жылы Гурьев (Атырау) мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдап шығады. Оқу бітіргеннен кейін сол өңірдегі Балықшы, Еркін қала, Октябьрдің қырық жылдығы атындағы қазақ мектептерінде дәріс берді. Ол 1966 жылға дейін ауылдық мектептерде мұғалім, содан кейін директор болып жұмыс істеді. 1966 жылдан бастап Гурьевтік «Коммунистік еңбек» облыстық газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде жұмысқа орналасып, журналистік қызметін бастады.
Еңбек жолын қарапайым ауыл мектебінде ұстаздық етуден бастаған ақын кейінде 1968-1970 жылдары «Лениншіл жас» газетінің редакциясында Гурьев, Ақтөбе және Орал өңірлерінің меншікті тілшісі ретінде жұмыс істеді. Фариза ақын шөл мен көл тоғысқан топырақта туып-өскендіктен, оның болмысы да сол топыраққа тартқан сыңайлы. Ақын поэзиясынің іші толған сезім.
Фариза – бұл есім бүгін өрлік пен ерліктің сыршыл сұлулықтың, ұлылықтың символы. Фариза біреу де болса, бірегей деген ұғымды білдіреді. Оның отты жырлары ұлттың қуанышы да, жұбанышы да болған.
Белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай, Фаризада өзінің талантына лайық тегеурінді мінез де болды. Расында да, ақынның мінезі тегеурінді еді. Талайды опындырған да, бірақ ақынды биік шыңға жетелеген де, дәл осы мінез болатын. Ертеректе, неміс баспасының аудармашысы Ильза Чертнер деген әйел Фариза Оңғарсынованың үйіне қонақта болған. Сонда қойдың үйітілген басына үрке қарап, сылқылдай күлген аудармашы мен оның серігінің әрекеті Фариза апаймызға жақпай, ақын оларды үйінен қуып шығады. Сол кезде ақын: “Дәстүрімді сыйламаған адам, өлеңдерімді аудармай-ақ қойсын” депті.
Ақынның әдебиет деп аталатын азабы көп ауылға келуіне жаратылыстың әкенің қаны, ананың сүтімен берген қасиеті. Фариза Оңғарсынова қалың қазаққа алдымен, шыншыл журналист ретінде танылды. «Лениншіл жас» газетінің Мұнайлы өлкедегі тілшісі көп жазатын, әділ, кесіп жазатын.
Қайсар мінезді қазақ қызы 1970-1978 жылдары «Қазақстан пионері» республикалық пионерлік газетінің редакторы болып қызмет етті. Ал 1978 жылы «Пионер» (қазіргі Ұлан) газетінің бас редакторы және 2000 жылға дейін қазіргі «Ақ желкен» журналының бас редакторы қызметін атқарады. Содан кейін 2000 жылдан 2004 жылға дейін – ҚР парламенті мәжілісінің І және ІІ шақырылуларының депутаты болды.
Ақын анамыздың шығармашылығы туралы сыр шертетін болсақ, оның өлеңдерінде әйелдер тақырыбы жиі жырланды. Тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау Фариза туындыларының бір қыры еді. Ақынның шығармашылығына тән басты қасиет шындықты ту ететіндігінде. Оның бұл қасиеті кез-келген туындысынан айқын көрініп тұрады.
1979 жылы жарық көрген «Сенің махабатың» жинағындағы сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы атты поэмасы Фариза ақынның шығармашылығындағы шындықтың биік шырқауы.
Фариза Оңғарсынова алғашқы өлеңдерінде Қазақстанның шөлді жерлерінің өзеруі, кең байтақ сусыз даланың ең шөлді бұрыштарына тіршіліктің келуі, ерлігі мен батылдығы кеңпейілділігінен кем түспейтін адамдар туралы жазды. Қазіргі заманғы қазақ әдебиетіне өктем түрде кірген ақынның өлеңдері, поэзиясының өмірбаяны осылай басталды. Оның алғашқы өлеңдер жинағы 1966 жылы «Сандуғаш» деген атпен жарық көрді. Содан бері «Жазушы» баспасында бірнеше өлеңдер топтамасы жарық көрді.
Қас жүрекке бөген жоқ журналист Фариза Оңғарсынова кейін Алматыға ауысты. Алматыда «Қазақстан пионері» басылымының редакторы болып бекітілген журналист Оңғарсынованың отты жырлары лег-легімен жарыққа шыға бастады. Ақын қыздың бала кезден қаперіне қонып, қанына сіңіп алған адалдық, тазалық, ерекше талғамы мен талабы, осылай шыңдала берді.
Фариза ақынның өлеңдерінің құдіреті асау мінез, шалт қимыл мен ащы шындықты. Әр сөзі мірдің оғындай Фариза ақын халықтың мұң-мұқтажын көре жүрді, көп мінбеден көтере білді. Қазақстан мәжілісінің депутаты болған кезде «Ана мен бала» туралы заң жобасын әзірлеп, мәжіліс қарауына алғаш ұсынған да Фариза Оңғарсынова еді. Жетім көрсең жебей жүр деп, әлеуметтік мәселелерді төтесінен қойып, кесіп тұрып айтты, жазды. Бірақ, мемлекеттің қоржынында ақша аз деген себеппен ақын жазған заң мақұлдануға жіберілмей қалған болатын.
Қазақтың ақын қызы депутат бола жүріп, әйел азаматтарды басшылыққа тарту мәселесін көп көтерді. Бірнеше қазақ қыздарының саяси қызметтерге келуіне себепкер болды. Ақын жалпы әйелдердің билік басында жүргенін жақсы көрді. Фариза апайдың қазақтың қызы осындай болсашы деген ойынан шыққандардың бірі, күрделі министрлікті басқарған қазақ қыздарының бірі Зағипа Бәлиева болатын. Фариза апай қазақ жастарының, әсіресе қазақ қыздарының шын жанашыры болды.
Ол парламенттің депутаты ретінде қазақ тілінде екі заң жобасын жасады. Оның біреуі, жоғарыда атап өткеніміздей «Ана мен баланы» қорғау туралы заң деп аталса, екіншісі «Баланың құқығы» деп аталды.
Фариза ақын сүйіспеншілік пен махаббатты 28 жыл үздіксіз жырлаған ақын. Бірде оттай шарпитын, енді бірде алапат дауылдай теңселтетін махаббат сезімін басуға, жүрегін жандырмай, жан дүниесін таза ұстап қалуға кө мектескен қандай құдірет күш. Оған да жауапты ақын өлеңдері арқылы берді.
Артына өшпес асыл мұра қалдырған қазақтың ақын қызы 2014 жылдың 23 қаңтарында 74 жасында дүниеден озды. Қазақ халқының біртуар ақын қызы 2014 жылы 27 қаңтарда Астанадағы Ұлттық пантеонда Қабанбай батырдың кесенесінің жанында жерленді.

Похожие публикации:

19 январь 2021 Қазтуған жырау
19 январь 2021 Шерхан Мұртаза
20 декабрь 2020 Сәкен Жүнісов
20 декабрь 2020 Спандияр Көбеев
Прокомментировать
• bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Comiqc
9 августа 2024 05:05
lasuna tablets - buy lasuna sale order himcolin generic
Dcqozr
23 августа 2024 08:23
cheap neurontin 800mg - oral nurofen order azulfidine generic
Barbpt
31 августа 2024 20:28
mebeverine 135 mg generic - etoricoxib 60mg brand order pletal 100mg pills
Xdthfl
4 сентября 2024 20:45
generic cambia - order aspirin 75 mg online aspirin 75 mg pills
Ldbdas
9 сентября 2024 19:12
order generic rumalaya - purchase rumalaya without prescription buy endep 50mg generic
Xsxgdg
11 сентября 2024 06:10
buy mestinon cheap - oral azathioprine 50mg buy generic imuran 25mg
Cwjnfp
12 января 2025 12:40
buy accutane 40mg online - buy dexamethasone 0,5 mg pill linezolid 600 mg price
Aizlpc
25 января 2025 14:22
zithromax 250mg for sale - nebivolol oral order nebivolol 5mg sale
Ublrwy
4 апреля 2025 04:53
acyclovir 400mg oral - order allopurinol without prescription buy crestor sale