XIX ғасыр әдебиеті, » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 43-69-03
+7(7262) 43-56-85
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ыбырай Алтынсарин
19
январь
2021
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім
Абай Құнанбаев
19
январь
2021
Абай Құнанбаев
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды.
Шоқан Уалиханов
20
декабрь
2020
Шоқан Уалиханов
Шоқан Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі.
Сұлтанмахмұт.Торайғыров
20
декабрь
2020
Сұлтанмахмұт.Торайғыров
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 – 1920) – Абайдан кейінгі ірі тұлға. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тақырып ауқымының кеңейіп, идеялық тұрғысының биіктеп, көркемдік жоғарлауына ерекше үлес қосқан ақын, ағартушы-демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Баянауыл ауданы Павлодар облысында туған. Әкесі Шоқпыт (Әбубәкір) кедей шаруа болған. Торайғыров әкесінен алғаш азкем сауатын ашып, 13 жасында молдадан оқиды. Сол кезде өлең жаза бастайды. 1911 жылы Троицкіден жаңаша білім
Спандияр Көбеев
20
декабрь
2020
Спандияр Көбеев
Спандияр Көбеев (1878-1956) - Абай, Ыбырай салған ағартушы-демократтық үлгідегі педагог- жазушы Спандияр Көбеев 1878 жылы 1қазанда қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туған. Ол 1887 жылы Ыбырай Алтынсариннің өзінің көмегімен ұлы ұстаз ашқан мектепке түсіп, оны 1892 жылы бітіреді. Бұдан соң Қарағайлыкөл деген жердегі төрт жылдық мектепте, Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқиды. Ұстазы Ы. Алтынсариннің қазасынан кейін оның қызмет жолын жалғастыруды арман етіп,
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
20
декабрь
2020
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан. Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады.